9. Окулярға бір көзбен қарап, макробұранданы өзіне қарай қозғау арқылы объективті бейне тұнық көрінгенге дейін зерттеу жасайды. Окулярға қарап отырып, объективті қозғауға болмайды. Линза жабындық шыныны жаншып, шытынауы, яғни микропрепарат сынуы мүмкін; - 9. Окулярға бір көзбен қарап, макробұранданы өзіне қарай қозғау арқылы объективті бейне тұнық көрінгенге дейін зерттеу жасайды. Окулярға қарап отырып, объективті қозғауға болмайды. Линза жабындық шыныны жаншып, шытынауы, яғни микропрепарат сынуы мүмкін;
- 10. Препаратты қолмен қозғай отырып, қажет бейнені тауып, оны микроскоптың көру алаңының орталығына орналастырады;
- 11. Егер бейне анықталмаса, онда 6, 7, 8, 9 пункттердегі әрекеттерді қайталау қажет;
12. Объектіні үлкен ұлғайтқышта зерттеу үшін алдымен таңдалған бөлікті кіші ұлғайтқышта тұрғанда көру алаңының орталығына орналастырады. Одан соң револьверді қозғай отырып, 40 х объективке ауыстырады. Микробұранданы қозғай отырып, объект бейнесін нақты тұнық күйде анықтағанша зерттеуді жалғастырады. - 12. Объектіні үлкен ұлғайтқышта зерттеу үшін алдымен таңдалған бөлікті кіші ұлғайтқышта тұрғанда көру алаңының орталығына орналастырады. Одан соң револьверді қозғай отырып, 40 х объективке ауыстырады. Микробұранданы қозғай отырып, объект бейнесін нақты тұнық күйде анықтағанша зерттеуді жалғастырады.
- 13. Үлкен ұлғайтқышта жұмысты аяқтаған соң, кіші ұлғайтқышқа ауыстырып, объективті көтеріп, заттық үстелшеден препаратты алып, жұмыстан тыс жағдайға келтіреді. Микроскоптың барлық бөліктерін таза сүлгімен сүртіп, жинайды.
Уақытша препарат дайындау әдістемесі - Әдетте, микроскопта зерттеу жүргізуде арнайы дайындалған микропрепараттарды қолданады. Микропрепараттарды дайындау үшін зерттелетін объектіні қоятын заттық шыны (мөлшері 25×75 мм) қолданылады, объектінің бетін жұқа жабындық шынымен (мөлшері 18 × 18 мм) жабады.
Дайындау тәсілі мен сақталу мерзіміне қарай препарат түрлері: - Дайындау тәсілі мен сақталу мерзіміне қарай препарат түрлері:
- тұрақты препараттар – объект мөлдір қататын ортаға (канадалық бальзам) қойылып, жабындық шынымен жабылады; дайындалуы өте қиын (объект сусыздандырылу қажет, боялады және т.б.) мұндай препараттар жылдар бойы сақталып, қолданылады;
Достарыңызбен бөлісу: |