ҚР ҰҒА академигі Т.Қ. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасы Жасуша құрылысы мен атқаратын қызметі «Тіршіліктің химиялық,молекулалық және физикалық негіздері»



бет2/11
Дата20.11.2023
өлшемі15,16 Mb.
#192149
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Жасуша құрылысы және қызметі

Молекулалық биология нуклеин қышқылдары мен ақуыздардың құрылысы мен қызметтерін, матрицалық синтезді, генетикалық материалдың ұйымдасуы мен іске асуын, сонымен қатар жасуша құрылымының молекулалық негіздері мен атқаратын қызметін, жасушалардың өсуі, дамуы, бөлінуі мен тіршілігін жоюын зерттейді.

  • Молекулалық биология нуклеин қышқылдары мен ақуыздардың құрылысы мен қызметтерін, матрицалық синтезді, генетикалық материалдың ұйымдасуы мен іске асуын, сонымен қатар жасуша құрылымының молекулалық негіздері мен атқаратын қызметін, жасушалардың өсуі, дамуы, бөлінуі мен тіршілігін жоюын зерттейді.

Тіршіліктің ұйымдасу деңгейлері:

  • Тіршіліктің ұйымдасу деңгейлері:
  • Молекулалық
  • Жасушалық
  • Ұлпалық
  • Мүшелік
  • Жүйелік
  • Ағзалық
  • Популяциялық
  • Биогеоценотикалық
  • Биосфералық
  • «Тіршілік - зат алмасуға, энергия ағымын реттеуге, өзін өзі өндіруге қабілетті, жоғары деңгейде ұйымдасу тән макромолекулалық ашық жүйе».

Орган (ағза, мүше) – ((гр. органон – құрал, инструмент) – нақты қызмет атқаратын дене бөлігі.

  • Орган (ағза, мүше) – ((гр. органон – құрал, инструмент) – нақты қызмет атқаратын дене бөлігі.
  • Органелла (лат. органелла – кішірейтілген) – бір жасушалы ағзаларға арналған термин – «кішкентай орган (ағза)»
  • Органоид – көп жасушалы ағзаларға тән нақты қызмет атқаратын, кез-келген организмнің жасушаларындағы арнайы маманданған құрылымдар.
  • Шлейден (Schleiden) Маттиас Якоб (05.04.1804, Гамбург – 23.06.1881, Франкфурт-на-Майне), неміс ботанигі. Құқық жайлы Гейдельбергте, ал ботаника мен медицинаны Гёттинген, Берлин және Йен университеттерінде оқып, білім алған. Йенск университетінде ботаника профессоры (1839–62), 1863ж – Дерптск университетінде антропология профессоры (Тарту) болды.
  • Негізгі ғылыми зерттеу бағыты: өсімдіктер цитологиясы мен физиологиясы. 1837ж Шлейден өсімдік жасушасының пайда болуы жайлы жаңа теория ұсынды. Ғалымның пайымдауынша жаңа жасуша әуелі ядродан шығып кейін жасуша қабатымен қапталады. Шлейден зерттеуі Т. Шванның жасушалық теорияны қалыптастыруына ықпал етті. Шлейденнің жоғарғы өсімдіктердің жасушалық дамуы мен дифференциясы жайлы жұмыстары белгілі. 1842 ядрода алғаш ядрошықты анықтады. Ғалымның ең танымал еңбегі – « Ботаника негізі» (Grundz ge der Botanik, 1842–43).
  • МАТТИАС
  • ШЛЕЙДЕН
  • Шванн (Schwann) Теодор (07.12.1810 - 11.01.1882), неміс физиологі. Бонн, Вюрцбург және Берлинде медицинаны зерттеген. 1839–48 жж. Лувен университетінің физиология мен салыстырмалы анатомия профессоры, 1848–78 жж. Льеж университетінің профессоры.
  • Шванн гистология саласы мен жасушалық теория туралы еңбектері арқылы танымал. М.Шлейден жұмыстарымен танысқан Шванн өзінде болған барлық гистологиялық материалдарды қарап өсімдік жасушасы мен жануарлардың микроскопиялық құрылымдарын салыстыру принципін тапты. Ядроны жасуша құрылымының басты компоненті ретінде алып, өсімдіктер мен жануарлардың жасуша құрылысының ұқсатығын дәлелдей алды. 1839 ж. Шванның «Жануарлар мен өсімдіктердің құрылымы мен өсуіндегі сәйкестіктері туралы микроскопиялық зерттеулер» деп аталатын классикалық шығармасы жарық көрді.
  • ТЕОДОР ШВАНН
  • Жасушалық теорияның пайда болу тарихы
  • М. Шлейден мен Т. Шванн бойынша жасушалық теорияның негізгі қағидалары
  • 1. Барлық организмдер бірдейі бөлік – жасушалардан құралған, олардың түзілуі мен өсуі ортақ заңдылықпен жүзеге асады.
  • 2. Организмнің қарапайым бөліктерінің жалпы даму принципі – жасуша түзу.
  • 3. Әр жасуша өзінше бір индивидуум, бүртұтас жүйе ретінде бірлесе қызмет атқарады. Барлық тіндер жасушалардан құралған.
  • 4. Өсімдік жасушасында пайда болатын процестер: 1) жаңа жасушаның пайда болуы; 2) жасуша көлемінің ұлғаюы; 3) жасуша қабырғасының қалыңдауы.
  • Осыдан соң барлық тірі организмдердің жасушалық құрылымды екені сөзсіз мойындалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет