3.5 Өрт сөндіру автокөлігінің арнайы агрегаттарының жылулық дайындығы бойынша ұсынымдарды зерттеу және әзірлеу Өрт сөндіру автошандарында су және көбіктүзгіш үшін қолданылатын сорғы бөлігі мен сукөбік коммуникацияларының сыйымды ыдысының жылулық дайындығын талдау, олардың төмен тиімділігін көрсетеді. ТЖ органдары мен бөлімшелері қолданатын қазіргі автошандарда (АШ) сыйымдылықтардың қыздырылуы жоқ. Өрт сөндіру автошандарын ауа-көбікті сөндірудің автокөлігі ретінде қолданылу және (қысқы мезгіл ішінде) мұнайөнімдері бар резервуарлардағы өрттерді сөндіруге шыққан жағдайда, көбіктүзгіштің температурасы едәуір төмендейді, оның тұтқырлығы артады, су мен көбіктүзгіштің қалыпты қоспа түзу және сапалы көбік алу мәселесі туындайды. Қазіргі отандық өндірістің автошандарында жылулық дайындық «Webasto» секілді қыздырғыштармен орындалуда. АШ құрылымында жауынгерлік қанат жаю және өрт сөндіру құралдарын беру кезінде перделі есіктерді жабу мүмкін емес кезінде бөлік (отсек) ішінде өрт сөндіру сорғысының сукөбік коммуникациялардың орналасуы көзделген. Осыған байланысты өрт сөндіру автошандарының АШ-5,0-50/5(5333709) сорғы бөлігінде «Webasto» типтес қыздырғыштың жұмыс тиімділігін анықтау мақсатымен тәжірибелік сынақтар өткізілді.