Қорытынды Автокөліктің жалпы жұмыс тиімділігің басты резерві негізгі агрегаттың – қозғалтқыштың сенімділігі болып табылады. Сенімділік мәселесін шешу үшін қажетті шарттардың бірі қозғалтқыштың жалпы жылулық жағдайын оңтайландыру, оның бөлек бөлшектерінің температуралық жағдайын жақсарту. Қозғалтқыш сенімділігі, олардың жұмыс процессінің тиімділігі, ІЖҚ бөлшектерінде шөгінділердің (дақ, күйе, қалдықтар) пайда болуы жылулық жағдайының деңгейіне тәуелді.
Осыдан біз, ІЖҚ жылулық жағдайын оңтайландыру мәселесі, оларды әзірлеу және қолдану кезінде басты мәселе екеніне көз жеткізе аламыз. Зерттеулер, қозғалтқыштың суық іске қосылуының қысқа жорығы, оның жоғарлатылған тозуының себепшісі екенін көрсетті. Сынақтардың қысқы мерзімінде шығу алдында автокөлік агрегатының температурасы 5˚С болғанмен, цилиндр тозулары жазғы циклдегі тозуларға қарағанда 30% жоғары екенін дәлелдеді. Бұнда, қысқы мезгілде жұмыс жасаған қозғалтқыштың жүктеу режимі жоғары болып шықты, осыған байланысты автокөліктің де, автокөлік трансмиссиясының да ПЖК төмендеді.
Осы жұмыста өрт сөндіру автокөлігіне жылулық аккумуляторды, мотор майының және салқындатқыш сұйықтығының электр қыздырғыштарын орнату, сонымен қатар өрт сөндіру автокөлігінің қозғалтқышын тиімді мөлшерге дейін тез қыздыруға мүмкіндік беретін қосымша термостатты орнату есебімен салқындату жүйесіндегі салқындатқыш сұйықтығының қозғалысын өзгерту ұсынылады. Осының нәтижесінде қозғалтқыштың тозуы, ЖЖМ шығыны, атмосфераға зиянды заттардың лақтырындылары азайып, автокөліктің жөндеу аралық жорығы ұлғаяды.
Жұмыс барысында алынған нәтижелердің жаңалығы төмендегідей сипатталады
1. Сыртқы жылулық баланс құрылымын өзгерту есебінен ІЖҚ алдын-ала іске қосылу қыздыруды жылдамдату мүмкіндігі талдамалы түрде зерттелді. Қозғалтқыштың жұмысы кезіндегі бөлшектердің жылулық және механикалық жағынан қауырттылығы, тозудың ұлғаюы, экономикалық және экологиялық көрсеткіштердің нашарлануы сияқты жағымсыз қысқартуларды қосымша қыздыру құралдарының қолданылуымен азайтуға болады;
2. 0 мен -30˚С аралығындағы температурада жағымсыз температура жағдайында МӨҚҚ бөлімшелерінде кең таралған ӨСА күш агрегаттарын қолдануға бейімделу дәрежесі орнатылды және шақырту орнына келіп жету уақытын қысқарту үшін ӨСА қозғалтқыштарын алдын-ала іске қосу қыздырылуын жеделдетуге мүмкіндік беретін техникалық шешімдердің тиімділігі және оны тоқтатқаннан кейін суып кетуін басеңдетуі зерттелді.
Алынған нәтижелердің тәжірибелік құндылығы төмендегідей:
МӨҚҚ шұғыл бөлімшелерінің тәжірибесінде зерттеу нәтижелерін қолдану – жағымсыз температура кезінде ӨСА шақырту орнына келіп жету уақытын қысқарту арқылы ӨСА қозғалтқыштарын қолдану тиімділігін арттыру мәселесін шешуге мүмкіндік бере алады: шығу радиусының 6 шақырымында ІЖҚ негізгі функционалдық жүйелерін тиімді температураға дейін алдын-ала іске қосу қыздыруды жеделдету кезінде АШ-40(130)-63Б өрт сөндіру автошанының келіп жету уақыты 2,0 минутке ал АШП-6/3-40(5557) – 1,8 минутке қысқарады. ЗИЛ-130 қозғалтқышын қыздырудың мақұлданған тәсілі бөлімшенің АШ-40(130)-63Б автошанымен жету уақытын 0,7 минутқа қысқартуға мүмкіндік береді.
ӨСА қозғалтқыштарының сыртқы ортаның өзгеретін әсерлеріне бейімделуін жақсарту бойынша техникалық шешімдер мен ұсынымдар МӨҚҚ шұғыл бөлімшелеріне қолдану үшін ұсынылды.