Қр іім тжк мөҚҚ бөлімшелері жылына сан-алуан шығулар атқарады


Зиян өндірістің факторлардың әсері, олардың қоршаған ортаға деген әсері



бет25/28
Дата06.02.2022
өлшемі5,78 Mb.
#37913
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
4.4 Зиян өндірістің факторлардың әсері, олардың қоршаған ортаға деген әсері
Автокөлік қоршаған ортаны едәуір ластап отырады. Ластану салдарынан топырақ ластанып, өсімдіктер, су және микроағзалар жойылады.
Су бассейндері автокөліктік лақтырындыларымен келесі түрде жүзеге асырылады:
Ауаға АТС лақтырған зиянды заттардың суға түсуі;
Автозауыттарда автокөілктерді шығару кезінде судың ластануы;
Техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде судың ластануы;
Қозғалтқыштардың әртүрлі типтерімен топырақтан суға химиялық заттарды ауыстыру.
Автоөндірістердің ағынды суларында техникалық қоспалар, эмульгаторлар, майлар, қышқылдар, цианидтер, ауыр металдар, сілтілер және т.б. бар. Лақтырындылар басқа стационарлық көздерден, мысалы технологиялық процесстер өзгешеліктері бар автозауыттармен ерекшеленеді. Автокөліктерді қолдану кезінде неғұрлым ақаулықтар көп болса, соғұрлым ластанулар көбейіп, оларды жою бойынша операцияларды өткізу қажет болады. Қоршаған ортаның ластану сызбасын қарап өтейік:

Автокөліктік өрдірістер, автокөліктер жерге және өсімдіктерге қауырт зиян келтіреді. Топырақ амортизациялық сынықтармен, жоңқалармен, күлмен, қалдықтар мен шаңдармен ласталады. Қазіргі қозғалтқыштардың құрылымының тетраэтилқорғасыны бар этилдік жанармайды қолдануы жердің қорғасынмен ластануына әкеліп соғады. Мысалы, жолдың 15м қашықтықта өсетін гүлді қырыққабақта 0,35м.кв./г қорғасын, ал қызанақта – 0,62м.кв./г қорғасын бар, бұған қоса жолдан 300-400м қашықтықтағы айнала ластанған. Жол бойындағы өсімдіктерде жолдан қашық жерлердегі өсімдіктерге қарағанда қорғасынның 100 еселенген, ал кадмийдің 17 рет еселенген мөлшері бар. Ал жиырма шақырымдық жол бойындағы бензатирен адамға да қауіпті. Сондықтан жол бойынан шабылған шөпті малға беруге болмайды, әсіресе сиырларға, себебі қорғасын сиыр сүтіне ауысады. Улы зат болып саналатын қозғалтқыштардың өңделген майды да жерді ластайды. Автокөлік құралдарының доғалақтары жердің шұрайлылығын бұзып, ауылшаруашылық дақылдарының шығымдылығын төмендетеді. Жердің ластануы тасымалдау жұмыстарының қанағатсыз ұйымдастырылуымен және арнайы автокөліктерді өзінің бағыты бойынша дұрыс қолданбауымен белгіленеді. Мысалы, автокөлік-самосвалдармен бетон қоспаларының және басқа да аққыш және сусымалы заттардың жүк тасымалы, олардың жерге енуіне себепші болады. АТС өсімдіктерге қатты әсер тигізеді. Мысалы, ауадағы күкірттің диоксидінің 0,32мг. концентрациясынан қарағай 2-3 жыл ішінде қурап қалады. Автокөліктер тарихи ғимараттарға да, архитектура ескерткіштеріне де үлкен әсер етеді. Атмосфераға шығарылатын азот диоксидінің әлемдік лақтырындысы 50млн.т. құрайды, ал бүкіл әлем өзендеріндегі азот қоспаларының концентрациясы 50-200 есе өскен.
Адам мен табиғат үшін қауіпті АТС энергетикалық лақтырындыларға: шу, инфрадыбыс, ультрадыбыс және тербеліс жатады. Олардың адамға деген әсері «Еңбек қауіпсіздігі» тарауында айтылған. Біз тек автокөліктегі акустикалық сәулелену көзі болып қозғалтқыш пен шығарылған газ жүйесі екенін айта кетеміз. Қозғалтқыш шуы жұмыс циклының барлық фазаларында, әсіресе клапандар ашылып, жабылғанда пайда болады. Салқындату жүйесі желдеткіштерінің шуы қозғалтқыш шу деңгейіне жақын әрі қарқынды болады. АТС басқа шу көздері болып АТС трансмиссиялары табылады. Қоршаған ортаға тиген үлкен акустикалық ластануды шиналар әкеледі. АСТ ішкі және сыртқы шу деңгейіне тежегіш, олардың құрылымына қарай дыбыстық қысым деңгейі әсер етеді. Дискілік тежегіштің жалпы шуы 120дБА дейін жете алады. АТС дыбыстық дабылдардың дыбыстық деңгейі 125дБА дейін жетеді, алайда халықаралық нормаларға сәйкес бұл үлкендік 93дБА дейін шектелген.
АТС және АТП қоршаған ортаның химиялық және физикалық ластануы адам ағзасына әсерін тигізеді. Химиялық ластануларға адам ағзасына тыныс алу органдары, ішек-қарын жолы, тер қабаты және шырышты қабықтар арқылы енетін зиянды заттарды айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет