Қр іім тжк мөҚҚ бөлімшелері жылына сан-алуан шығулар атқарады



бет24/28
Дата06.02.2022
өлшемі5,78 Mb.
#37913
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
4.3 Жоба экологиялылығы
Ауа өздігімен газ, су және шаң бөлшектерінің қарапайым қоспасынан құралған. Ауаның жағымсыз түрде ластануы адам және жануар денсаулығына әсер береді.
Өндірістің қуат жарақтандырылуының өсуіне, атап өткенде отын шығынының көбеюіне байланысты қоршаған ортаның ластануы ұлғаяды.
Қоршаған ортаның бір ластаушысы – жөндеу-механикалық шеберханалар болып табылады. Қозғалтқыштарды жүргізіп бейімдеу, отын аппаратурасын жөндеу кезінде көміртек қышқылының, әртүрлі көмірсутектің, ауыр металлдардың және басқа да зиянды лақытырындылардың көп мөлшері атмосфераға тасталады.
Автокөліктер ауа мен судың ластаушылары болып саналады. Қоршаған ортаның ластануынан тиген экономикалық залал көбінесе жоғары болады, бірақ ауылдық жерлерде, өндірістік орталықтарға қарағанда едәуір төмен дәрежеде болады.
Жөндеу-механикалық шеберханаларындағы жұмыс істейтін қызметшілері шеберханалардағы улы газдардың болуынан бірінші кезекте тыныс алу жолдарының ауруларына (бронхит, астма және т.б.) жолығады.
Ауаның ластануын газоанализатор (УГ-2) арқылы сынақтаумен анықталады.
Шеберханаларда қалдықтар жиыны және сұйық өңдемелердің шығарылуына ерекше көңіл аудару керек. Жонғыш цехінің қалдықтарын арнайы ыдысқа жинап, кезекшіліктен кейін арнайы бөлінген жерде жинау қажет.
Аккумуляторлық батареяларға қызмет көрсетілуі аса қауіпті, әсіресе олардың ұқыпсыз күту кезінде корпусы жарылып, электролит шашырауы мүмкін.
Бөлшектеу, жөндеу жұмыстары кезінде топырақ ластануынан аман болу үшін өңделген майдың арнайы ыдыстарға құйылуын бақылауды қамтамасыз ету қажет.
Автокөлік жұмыс істегенде ауаға көп зиянды заттар бар шығарылған газдар, мысалы аса улы зат болып саналатын көміртек қышқылы СО лақтырылады. Атмосфераға улы газдардың лақтырылуын қысқарту үшін отын құрылғысының одан әрі нақты ыңғайлау жолымен цилиндрдегі отын жануының толықтығын ұлғайту қажет. Бұл кезде отын толықтай жанып, шығарылған газдардың ішінде көміртек қышқылының мөлшері азайып, одан да улануы төмен көміртектің қос тотығының мөлшері көбейеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет