Қр іім тжк мөҚҚ бөлімшелері жылына сан-алуан шығулар атқарады


Өрт сөндіру автокөілігі қозғалтқышының қыс мезгілінде оталдыру қиындықтарының басты себептері



бет6/28
Дата06.02.2022
өлшемі5,78 Mb.
#37913
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
2.2 Өрт сөндіру автокөілігі қозғалтқышының қыс мезгілінде оталдыру қиындықтарының басты себептері
- қозғалтқыштың иіндік білігінің айналған кедергі моментінің ұлғаюы;
- аккумулятор батареясы көлемінің төмендеуінің салдарынан стартер қуаттылығының төмендеуі;
- оттың аз мөлшердегі булануы және қоспатүзгішіңің нашарлауы;
- иіндік біліктің айналым қажетті қосылу жиілігінің ұлғаюы.
Төмен температурадағы бұл себептердің барлығының әркеттері бір уақытта айқындалып, оталдырудың барлық процесстерін қиындатады. Қодланудың көптеген жылдардағы тәжірибесі -18◦С температурасында аккумулятор батареясының көлемі (АБК) бастапқысынан 40% құрайтынын, ал кедергі моментіне 21% (барлық мезгілдік майды қолданған кезде) ұлғаятының көрсетеді. Температураның АБК жұмысқа қабілеттілігінің тиімділігіне келтірілген әсерді тоқтың мұздай айналымының өзгерілуі бойынша анықтауға болады. 50-60 А/сағ. Көлеміндегі АБК толық және жаңа қуаттылығы үшін токтың мұздай айналымы 300-500 А шамасында болуы қажет. Егер 6СТ-55 типтік АБК стартер тогы +25◦С температурасында 9В кернеуінде 400 А жетсе, онда -30◦С температурасында 200А төмендеп кетуі мүмкін және де оталдырудың әрбір жаңа сәтсіз әрекетінде оның үлкендігі одан әрі түсе бастайды. Жоғары баяндалғандар негізінде, +40 - +50◦С шамасындағы аккумуляторлық батареялардың қыздырылуын қамтамасыз ететін қуатсақтаушы технологияларды ұсыну керек. Екінші жағынан қарағанда, қозғалтқышты қыздыру, цилиндрдегі қалыпты отын қоспасының пайда болуы, оның оталдырылуының кепіліне үлкен ықпалын тигізеді. Ауа-отын қоспасының сапасы +35◦ С дейін +200 ◦С шамасында өтетін отынның булануынан тәуелді. Бұл жағдайда қозғалтқышты мұздай оталдыру кезіндегі қажетті жанармайдың жеңіл бөлікшелері буланады. Қозғалтқыш қызған кезінде қозғалтқышқа жұмыс барысында түскен отын қоспасы ішке жіберу жинақтағышына ыстық салқындатқыш сұйықтығымен қоса қыздырылады. Оталдыру кезінде ішке жіберу жинақтағышы, қозғалтқыш сияқты салқын болып тұрады. Салқын қозғалтқышты оталдыру кезінде отын цилиндр жарларында сұйықталып, майлы үлдірді шайып кетіп, цилиндрлікпіспек тобы бөлшектерінің тозуын арттырады. Ослодағы Технологиялық институтының деректері бойынша қозғалтқыштың әрбір салқын оталдырылуы (яғни, +50С төмен температурадағы оталдырылу) оның ресурстарын 400-600 км жорығына қысқартады (5 сурет).

5 сурет. Ысытқыш көмегімен қыздырылған қозғалтқышты оталдыру кезіндегі бөлшектердің тозуы: а) цилиндр жиынтығының гильзалары; б) қоспаланған піспек сақиналары.


Қысқы мерзімдегі қиындатылған қозғалтқышты оталдыру себебі – оның иіндік білік айналымының төменгі оталдыру жиілігі. Бұл фактор төмен температураларда қоспатүзгіш болады.
Бұл кезде атмосфераға шығарылатын зиянды лақтырындылар қозғалтқышты қыздыру кезінде едәуір көп шығарылады. Жылдың салқын мезгілдерінде қозғалтқышты оталдыру үшін ең мықты байытылған отын қоспасы қолданылады. Бұл, өз кезегінде, СО көміртек және СН көмірсутектер тотығын лақтырылуын көбейтеді. Бірақ бұл зиянды лақтырындылар, егер қозғалтқышты бұдан бұрын қыздырса, едәуір төмендейді (6 сурет).
а)
б)

6 сурет. Автокөліктің шығарылған ғаздардың лақтырындылары: а) қозғалтқыштың салқын және ысытқышпен қыздырылған оталдыру кезіндегі СО деңгейі; б) - 200С температурасында қыздырылған қозғалтқыш лақтырындыларының төмендеуі.


Бірталай зерттеулер нәтижесінде, гаражда ПАСА қозғалтқышын +10 0С дейін +30 0С температура дейін қыздыру, қозғалыстың максималды жылдамдығының ұлғаюын, отын шығынының төмендеуін және үдету уақытының шегерілуін беретіні анықталды.
Бұл кезде жолдың 400м қалыпты бөлігінде үдету уақыты 1,3-1,5 есе азаяды, бұл ПАСА қозғалтқышын күту режимінде қыздырудың пайдалылығын растайды.
Алынған талдау қорытындылары бойынша ПАСА қозғалтқышын сенімді оталдырылуы үшін қозғалтқышты, аккумуляторлық батареяны, отын жүйесін және трансмиссияны үнемі іске қосылу дайындығын қамтамасыз ететін қуатсақтаушы стационарлық қыздыру жүйесін әзірлеу керектігіне көз жеткізуге болады.
Жоғары баяндалғандар негізінде жүкжолаушылар көлік агрегаттарының қазіргі қолданатын ысытқыштарға, тәжірибелік сынақтарға талдау өткізу және агрегаттардың тиімді температуралық режимдерді қамтамасыз ету бойынша конструктивті шешімдерді әзірлеу, сонымен қатар, қысқы мерзім уақытында ПАСА агрегаттарының қоғалыс кезінде жылулық шығындарды төмендетілуінің шарттарын жасау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет