2.4 Отынмен жұмыс істейтін салқындату сұйықтығының қыздырғышы
Іске қосу қыздырғыштары қозғалтқышты салқын мезгілде алдын-ала қыздыру үшін арналған. ЗИЛ-130 автокөілігінде қозғалтқыш жасайтын отында жұмыс істейтін қыздырғышты орнатуға болады. Іске қосу қыздырғышы қозғалтқыштың салқындату жүйесімен үнемі тетіктермен 14 және 38 қосулы тұратын қазандықтан 17 (7 сурет), отын шанашынан 1, желдеткіші бар электрқозғалтқыштан 5, электрмагниттік клапаны 8 бар отын беру реттегішінен және қозғалтқыш қалқаншасында орналасқан басқару пультінен 21 тұрады.
Басқару пультіндегі ажыратқыш тұтқасы 23 үш күйде тұра алады: О – бәрі сөндірулі (тұтқа шегіне жеткенше басулы); I – желдеткіштің электрқозғалтқышы қосулы (тұтқа жартылай тартулы); II - желдеткіштің электрқозғалтқышы және электрмагниттік клапан қосулы (тұтқа шегіне жеткенше тартулы).
7 сурет. ЗИЛ-130 автокөлік қозғалтқышының іске қосу қыздырғышы
1 – отын шанашы; 2 — шанаш тығыны; 3 – шұқанақ; 4 — кран; 5 — желдеткіші бар электрқозғалтқыш; 6 — қыздырғыш құбыржолының ағызба краны; 7 — кран басқару тұтқасы; 8 — электромагниттік клапан; 9 — реттеу инесі; 10 — электрмагниттік клапанның қыздыру шиыршығы; 11 — қазандықтың жану камерасына дейінгі электрмагниттік клапанның тұтқасы; 12 — ауа жіберу құбыршегі; 13 — қыздыру білтесі; 14 — қазандықтан қозғалтқышқа баратын айыру тұтқасы; 15 — науа; 16 — қазандықтың ағызба краны; 17 — қыздырғыш қазандығы; 18 — қазандықтан қозғалтқышқа баратын жіберу тұтқасы; 19 — келтеқосқыш (штуцер); 20 — отынбағыты; 21 — басқару пульті; 22 — басты шиыршық; 23 — ауыстырып қосқыштың тұтқасы ; 24 — қыздыру білтесінің ажыратқышы; 25 — сым.
Қыздырғышты іске қосу кезінде электрмагниттік клапанды 8 қыздыру үшін клапан корпусында қыздыру білтесімен 13 және шиыршықпен 22 қосылған шиыршық 10 орнатылған. Шиыршық 10 білтемен бірге бір ажыратқышпен 24 қосылады.
Қозғалтқышты іске қосу қыздырғыштың көмегімен іске қосу тәртібі: салқындату жүйесіне 32-35 л су дайындайды. Пердешені жауып, қозғалтқыш капотын ашады. Қыздырғыш қазандығына шұқанақ 3 арқылы 1,5 л су құйып, кранды 4 ашады. Одан кейін ауыстырып қосқыш тұтқасын 45 секундке ІІ күйіне ауыстырады; электрқозғалтқыш 5 қосылады, электрмагниттік клапан ашылады да отын қазандықтың жану камерасына түседі. Содан соң тұтқаны 0 күйіне ауыстырып, қыздыру білтесінің 24 ажыратқышын қосады. Басты шиыршықты ашық-қызыл түске дейін қыздыру кезінде қоспа жанып, яғни тұтану пайда болып, тарс етеді. Отын-ауа қоспасының бастапқы жануы қыздыру білтесінен 13 басталады. Қоспа жанып бастағанда қыздырғышты қосады, ауыстырып қосқыш тұтқасын ІІ күйіне ауыстырады. Жану камерасында қоспа жануы тұрақты болғаннан кейін, білтені сөндіреді және отын жану қоспасынан жанады.
Қоспа жануы салдарынан ыстық құбыр бойымен өтетін ыстық газдар пайда болып қазандыққа құйылған сұйықтыққа жылу береді. Қазандықтан шыққан ыстық газдар науа 15 бойынша қозғалтқыш картерінің астына барып, майды қыздырады; жоғары көтеріліп қозғалтқышты сыртынан қыздырады. Осыған байланысты, қыздырғыш пен қозғалтқышты таза ұстауды ұмытпау қажет, себебі май жұққан қозғалтқыш және отынның аққан іздері өрттің пайда болуына себепші болуы мүмкін.
Қыздырғыш жұмысы басталғаннан кейін 1-2 мин. соң қосымша 6-8 л су құйылады. Шұғанақ қақпағын жауып, капотты жабады да қозғалтқышты қыздыруды жалғастырады. Қазандықтағы су қайнап, пайда болған бу цилиндр жиынтығының және жиынтық бастиектерінің кеңісітігіне өтіп, қазандықтан конденсат түрінде ағып кетеді. Қозғалтқыш қызғаннан кейін радиатордың ашық қылтасынан бу шығады. Осыдан кейін майды мойынтіректер бойынша үйлестіру үшін иіндік білікті іске қосу тұтқасымен бірнеше рет айналдырады. Иіндік біліктің бос айналымы, қозғалтқыштың іске қосу дайындығын білдіреді.
Айырып қосқыштың тұтқасын 23 І күйіне ауыстырып (қазандықты үрлеп шығу үшін) қозғалтқышты сөндіреді, кранды 4 жабады. Қазандықтағы жануды тоқтатқаннан кейін, айырып қосқыштың тұтқасын 0 күйіне ауыстырады (қыздырғышты сөндірудің тәртібі сақталмаса, өрт шығуы мүмкін). Қыздырғышты сөндіріп, қозғалтқышты қосады, радиатор кілтеқұбырының ағызба кранын жабады, ал салқындату жүйесін қыздырғыштың құю науасы және радиатордың қылтасы арқылы сумен толтырады.
Егер салқындату жүйесіне төмен температурада мұздап қалатын сұйықтық (антифриз) құйылса, онда іске қосу қыздырғышын қолданар алдында антифриздің мұздап қалмағанына көз жеткізіп, қозғалтқышты антифризбен іске қосу дайындығы бойынша зауыттық нұсқамаларды қатаң сақтау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |