3.7 Тәжірибелік сынақ қорытындыларын талдау
Қабылданған қорытындылар келесідей нәтиже көрсетті.
Өрт сөндіру автошанын сорғы бөлігінің перделі есігінің жабық күйінде қолданса:
- автокөлік гараж сыртында сөндірілген автономдық қыздырғышымен қалып қойса, онда ол сорғы бөлігі ішіндегі температураның қоршаған ауа температурасына (-9˚С) дейін күрт және тез төмендеуіне әкеліп соғады;
- қосылған қыздырғыш кезінде көбікшанашы деңгейіндегі (1 сызық) ауа температурасы бастапқы 10 минут ішінде лезде көтеріледі, одан әрі температураның жоғарылауы тоқтатылады да +20˚С-ға жақын арада тұрақталады;
- көбікараластырғыш деңгейіндегі (2 сызық) ауа температурасы баяу көтеріліп, +6˚С...+7˚С шамасында максималды үлкендікке жетеді.
Сорғы бөлігінің зерттелген деңгейінде ауаның қарқынды қыздырылуының осындай айырмашылығының себебі келесіде: Біріншіден, сорғы бөлігінің төменгі жағында бөлек ойықтарының (мысалы, «газ» бен ілінісуді басқару иінтіректеріне, өрт сөндіру сорғысының жетек иіндік білік шығатын сымарқандық берілістердің шығу жерлері) тиісті қымтауы, құрылымы бойынша қамтамасыз етілмеген. Бұл себеп бойынша сорғы бөлігіне астыңғы ойықтары арқылы салқын ауа үнемі түсіп отырады да, жиынтық температураны түсіреді. Екіншіден, қыздырғыш, бөліктің жоғарғы қабатына бағытталған ыстық ауа беріліп, сол жерде жиналып, қоршаған ауаның айтарлықтай жоғары температурасын сақтап отыратындай қылып орналасқан.
Өрт сөндіру автошанының сорғы бөлігінің перделі есігінің ашық күйімен пайдалану кезінде, сорғы бөлігінің екі деңгейде де ауа температурасының күрт төмендеуі байқалады (3 және 4 сызық). Температуралық режимнің өзгеру динамикасының сипаттамалары айтарлықтай бірдей болады, бөліктің төменгі жағындағы температура төменгі қымтауланбаған ойықтар арқылы салқын ауаның келіп түсуіне байланысты қарқынды түрде төмендейді.
Өрт сөндіру автошанының сукөбікті коммуникациялардың құрылымдық орындалуын талдау – стационарлық көбікараластырғышпен (төмен) көбікшанашын (жоғары) байланыстыратын құбыржолдың үлкен ұзақтығы бар екенін көрсетеді. Көбікшанашынан көбіктүзгішті беру краны көбікараластырғыштың қасында орналасқан. Көбікшанашынан кранға дейінгі құбыржол бөлігі үнемі көбіктүзгішпен толтырылған және төменгі бөлікте қоршаған ауаның температурасына жақын төмен температуралы болып отырады. Осыған қоса, көбіктүзгіш температурасының төмендеуімен бірге оның кинематикалық тұтқырлығы ұлғайып, көбікараластырғыштың өткізу қабілеті төмендейді.
Тәжірибелік сынақтардан алынған қорытындылар бойынша, температуралық режимге қарай мөлшерлеме құралдарының өткізу қабілеті және көбіктүзгіш тұтқырлығының өзгерілуі ең маңызды деректер деп айтуға болады. Қазіргі уақытқа дейін тәжірибелік іс-әрекеттің бұл саладағы қажетті мәліметтері мен нұсқаулары бар нормативтік құжаттар жоқ, ал бұл мәселе көбіктүзгішті көбікараластырғышқа беретін агрегаттардың жұмыс режимі бойынша түзетулер енгізуге мүмкіндік бермей отыр. Бұл өз кезегінде, жылдың суық мезгілдерінде мұнай өнімдері бар резервуарларды сөндіру кезінде көбікті беру сенімділігі мен үйлесімділігін қамтамасыз ету бойынша қиындықтар туғызып отыр.
3.8 ӨСА сорғы бөлігінде тиімді температуралық режимді қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар
Қазіргі отандық автошандарының құрылымдық ерекшеліктерін талдау бойынша өткізілген зерттеулердің қорытындыларын есептей отырып, өрт сөндіру автокөліктерінің сорғы бөлігінде тиімді температуралық режимнің қамтамасыз етілуіне мүмкіндік береді:
Сорғының ішке сору келтеқұбырын бөліктің төменгі панельдің сыртына шығару қажет. Арынды келтеқұбырларды жандағы бөліктерге орналастыру қажет (бұрынғы жылдарда шығарылған автошандардағыдай). Коммуникациялардың бұндай орналасуы, бөліктің перделі есігінің жабық күйінде өрт сорғысымен жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
Сукөбік коммуникациялардың және өрт сорғысының жетек элементтерінің кіру саңылауларын тығыздама төсемдерімен қымтау қажет.
Өрт сөндіру сорғысының және оның көмекші агрегаттарының жұмысын қадағалау үшін бөлік есігінде маңдай терезе ойластыру, ал қозғалтқыш айналымдарын басқару органдарын сыртқа шығару керек.
Қыздыру немесе «Webasto» типтес автономды қыздырғыш орнына ыстыққа берік болаттан жасалған қозғалтқыштың шығарылған газдардың жылулық қуаттын пайдаланатын қыздырғыш ұсынылады. (сурет 23). Бұндай құрал цистернадағы өрт сөндіру сұйықтығы мен сорғы бөлігіндегі ауаның жағымды температурасының сақталуын қамтамасыз етеді. Бұл мақсат үшін цистернада қыздырғыш 7 орнатылады. Жабық қалқалағыш 4 кезінде қозғалтқыштың шығарылған газдары газ ағатын вакуумдык құралдан 3 өтіп, құбыржолдармен өте келе, сыйымдылықтағы сұйықтықты және сорғы бөлігіндегі ауаны қыздырып отырады (қыздырғыш 10). Жазғы қолданысқа ауысар кезде қалқалағыш 4 алынып, қалқалағыш 12 орнатылады.
Қыздырғыштың бұндай құрылымы өрт сөндіру автоцистерналарын стационарлы режимде қолдану барсында жанар-жағар май материалдарын үнемдеу режимін қамтамасыз етуге және көбікті сөндірудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
23 сурет. Көбіктүзгіш сыйымдылықтың қыздыру жүйесі
1-цистерна; 2-қабылдау түтігі; 3-газ ағатын вакуумдық құрал; 4,12-қалқалағыш; 5-тұншықтырғы; 6-шығару түтігі; 7-цистерна қыздырғышы; 8-цистерна қыздыру элементтері; 9-байланысу келтеқұбырлары; 10-сорғы бөлігінің қыздырғышы; 11- газ шығаратын түтік.
4. Жоба экологиялылығы
4.1. Еңбек қорғау
Еңбек қорғау – әлеуметтік-экономикалық мәселелердің ең маңыздыларының бірі. Ол заңды, әлеуметтік-экономикалық кең жүйелерін, еңбек барысында адам денсаулығы мен жұмыс қабілеттілігінің сақталуын қамтамасыз ететін гигиеналық және емдеу-профилактикалық шаралар мен құралдарды ескеріп отырады.
Біздің елімізде еңбек қорғау саласында мемлекеттік органдар өткізетін мақсатты жұмыс қорытындылары бойынша өндірістің жиынтық механизация және автоматизацияны, ғылыми жетістіктерді және алдыңғы қатарлы техниканы енгізу саласында еңбек шарттарын бүкіл әлемдік сауықтандыру ретінде осындай басымдық ұсынылады, ауылдық шаруашылықта өндірістік жарақаттандыру және кәсіби аурулардың деңгейі жыл сайын 4-5% төмендеп отырады.
Осыған қоса, өндірістік жарақаттандырулардың төмендеу әлеуеті әлі де жоққа шығарылған жоқ және жарақаттандыруды алдын-алу, тиісті мемлекеттік органдардың ең басты мәселесі болып қалуы қажет.
4.2 Экология
XX ғасыр ортасынан табиғатқа түскен антропогендік пресс жаһандық сипатқа айналды: қалалық шоғырландыру, өндірістік қалдықтары, улы химикаттар, мұхиттардың мұнаймен ластануы бөлек аумақтарда ғана емес, бүкіл биосферада білінетін болды.
Ол кезде экологияның тәжірибелік маңызы - ағзалардың қоршаған ортамен қарым-қатынасы туралы ғылым арта түсті.
Соңғы уақытта экология тек биологиялық бағытын жайлап жоғалтып келеді. Ағзалардың дәстүрлі экологиясы өндіріс экологиясының, қала экологиясының, гидросфера экологиясының, ауылшаруашылық экологиясының, тіпті ғарыш экологиясының популяциясымен араласып жатыр.
Экологиялық саясат өткізудің, адамдарда бүкіл адамзат мәдениетінің қазіргі түрі сияқты экологиялық дүниетанымын тәрбиелеу қажеттілігі туындады.
Биогеоциноздағы опуляциялық экологияның және биосфера туралы ғылымдағы ең қиын тарауын дамытудағы басты роль В.И. Вернадскийге тиесілі. Оның «Биосфера» және «Живое существо» Жер келбетінің құрылымындағы ағзалардың үлкен ролін көрсетті, адам әрекеті қазіргі уақытта табиғаттағы геолониялық процесстермен тең немесе одан да күшті екенін дәлелдеді.
Қазақстанда экологиялық тақырыптамалардың биологиялық зерттеулері Қазақстан Ғылым академиясының Топырақтану, өсімдіктану және зоология институтының ғылымдарымен, еліміздің қорықтар мен ЖОО биологиялық кафедраларының ғылымдарымен жүргізіп отырады. Соңғы онжылдықта ғылыми-техникалық прогресстің қоршаған ортаға деген әсері, мемлекеттердің ұлттық шекараларын аттап өтіп өсіп келді.
Биоэкологиялық мониторинг ең кең таралған, оның негізі адам өмірі сапасына қарасы жағынан қоршаған ортаны бақылау болып табылады, себебі оның денсаулығы қоршаған ортаның амадығының ең маңызды жиынтық көрсеткіші болып табылады және барлық қалған көрсеткіштердің өлшемін көрсетеді.
Ортаның өзгеруі апаттық сипатты көрсетуі мүмкін. Мысалы, су немесе ауаның нашар сапасы салдарынан адамдардың жаппай уланған жағдайлары белгілі. Бірақ ортаның өзгерістері елеусіз және ұзақ уақыт бойы едәуір әсер етпейді. Адам атмосферадағы көмірқышқыл газдың ұлғаюын және оттегінің азаюын айтарлықтай сезбейді. Ортаның бұл өзгерістері адам денсаулығы үшін бөлек салдарымен созылмалы айқындалған нашар үрдіс формасына айналуы мүмкін. Қуат пен пайдалы кендер су мен атмосфераның ластануын едәуір төмендете алады.
Әсіресе ірі қалаларда автокөліктің газ шығаруы экологиялық жағдайының нашарлануына тікелей әсер береді. Жанармай мен дизельді отынның, атмосфераға зиянды лақтырындыларды жібермейтін электрикалық тартумен немесе сутекпен бірте-бірте ауысуы – бұл адамға Жердегі ноосфера – ақыл өрісін құру үшін қажетті мәселелерінің бір бөлігі.
4.3 Жоба экологиялылығы
Ауа өздігімен газ, су және шаң бөлшектерінің қарапайым қоспасынан құралған. Ауаның жағымсыз түрде ластануы адам және жануар денсаулығына әсер береді.
Өндірістің қуат жарақтандырылуының өсуіне, атап өткенде отын шығынының көбеюіне байланысты қоршаған ортаның ластануы ұлғаяды.
Қоршаған ортаның бір ластаушысы – жөндеу-механикалық шеберханалар болып табылады. Қозғалтқыштарды жүргізіп бейімдеу, отын аппаратурасын жөндеу кезінде көміртек қышқылының, әртүрлі көмірсутектің, ауыр металлдардың және басқа да зиянды лақытырындылардың көп мөлшері атмосфераға тасталады.
Автокөліктер ауа мен судың ластаушылары болып саналады. Қоршаған ортаның ластануынан тиген экономикалық залал көбінесе жоғары болады, бірақ ауылдық жерлерде, өндірістік орталықтарға қарағанда едәуір төмен дәрежеде болады.
Жөндеу-механикалық шеберханаларындағы жұмыс істейтін қызметшілері шеберханалардағы улы газдардың болуынан бірінші кезекте тыныс алу жолдарының ауруларына (бронхит, астма және т.б.) жолығады.
Ауаның ластануын газоанализатор (УГ-2) арқылы сынақтаумен анықталады.
Шеберханаларда қалдықтар жиыны және сұйық өңдемелердің шығарылуына ерекше көңіл аудару керек. Жонғыш цехінің қалдықтарын арнайы ыдысқа жинап, кезекшіліктен кейін арнайы бөлінген жерде жинау қажет.
Аккумуляторлық батареяларға қызмет көрсетілуі аса қауіпті, әсіресе олардың ұқыпсыз күту кезінде корпусы жарылып, электролит шашырауы мүмкін.
Бөлшектеу, жөндеу жұмыстары кезінде топырақ ластануынан аман болу үшін өңделген майдың арнайы ыдыстарға құйылуын бақылауды қамтамасыз ету қажет.
Автокөлік жұмыс істегенде ауаға көп зиянды заттар бар шығарылған газдар, мысалы аса улы зат болып саналатын көміртек қышқылы СО лақтырылады. Атмосфераға улы газдардың лақтырылуын қысқарту үшін отын құрылғысының одан әрі нақты ыңғайлау жолымен цилиндрдегі отын жануының толықтығын ұлғайту қажет. Бұл кезде отын толықтай жанып, шығарылған газдардың ішінде көміртек қышқылының мөлшері азайып, одан да улануы төмен көміртектің қос тотығының мөлшері көбейеді.
4.4 Зиян өндірістің факторлардың әсері, олардың қоршаған ортаға деген әсері
Автокөлік қоршаған ортаны едәуір ластап отырады. Ластану салдарынан топырақ ластанып, өсімдіктер, су және микроағзалар жойылады.
Су бассейндері автокөліктік лақтырындыларымен келесі түрде жүзеге асырылады:
Ауаға АТС лақтырған зиянды заттардың суға түсуі;
Автозауыттарда автокөілктерді шығару кезінде судың ластануы;
Техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде судың ластануы;
Қозғалтқыштардың әртүрлі типтерімен топырақтан суға химиялық заттарды ауыстыру.
Автоөндірістердің ағынды суларында техникалық қоспалар, эмульгаторлар, майлар, қышқылдар, цианидтер, ауыр металдар, сілтілер және т.б. бар. Лақтырындылар басқа стационарлық көздерден, мысалы технологиялық процесстер өзгешеліктері бар автозауыттармен ерекшеленеді. Автокөліктерді қолдану кезінде неғұрлым ақаулықтар көп болса, соғұрлым ластанулар көбейіп, оларды жою бойынша операцияларды өткізу қажет болады. Қоршаған ортаның ластану сызбасын қарап өтейік:
Автокөліктік өрдірістер, автокөліктер жерге және өсімдіктерге қауырт зиян келтіреді. Топырақ амортизациялық сынықтармен, жоңқалармен, күлмен, қалдықтар мен шаңдармен ласталады. Қазіргі қозғалтқыштардың құрылымының тетраэтилқорғасыны бар этилдік жанармайды қолдануы жердің қорғасынмен ластануына әкеліп соғады. Мысалы, жолдың 15м қашықтықта өсетін гүлді қырыққабақта 0,35м.кв./г қорғасын, ал қызанақта – 0,62м.кв./г қорғасын бар, бұған қоса жолдан 300-400м қашықтықтағы айнала ластанған. Жол бойындағы өсімдіктерде жолдан қашық жерлердегі өсімдіктерге қарағанда қорғасынның 100 еселенген, ал кадмийдің 17 рет еселенген мөлшері бар. Ал жиырма шақырымдық жол бойындағы бензатирен адамға да қауіпті. Сондықтан жол бойынан шабылған шөпті малға беруге болмайды, әсіресе сиырларға, себебі қорғасын сиыр сүтіне ауысады. Улы зат болып саналатын қозғалтқыштардың өңделген майды да жерді ластайды. Автокөлік құралдарының доғалақтары жердің шұрайлылығын бұзып, ауылшаруашылық дақылдарының шығымдылығын төмендетеді. Жердің ластануы тасымалдау жұмыстарының қанағатсыз ұйымдастырылуымен және арнайы автокөліктерді өзінің бағыты бойынша дұрыс қолданбауымен белгіленеді. Мысалы, автокөлік-самосвалдармен бетон қоспаларының және басқа да аққыш және сусымалы заттардың жүк тасымалы, олардың жерге енуіне себепші болады. АТС өсімдіктерге қатты әсер тигізеді. Мысалы, ауадағы күкірттің диоксидінің 0,32мг. концентрациясынан қарағай 2-3 жыл ішінде қурап қалады. Автокөліктер тарихи ғимараттарға да, архитектура ескерткіштеріне де үлкен әсер етеді. Атмосфераға шығарылатын азот диоксидінің әлемдік лақтырындысы 50млн.т. құрайды, ал бүкіл әлем өзендеріндегі азот қоспаларының концентрациясы 50-200 есе өскен.
Адам мен табиғат үшін қауіпті АТС энергетикалық лақтырындыларға: шу, инфрадыбыс, ультрадыбыс және тербеліс жатады. Олардың адамға деген әсері «Еңбек қауіпсіздігі» тарауында айтылған. Біз тек автокөліктегі акустикалық сәулелену көзі болып қозғалтқыш пен шығарылған газ жүйесі екенін айта кетеміз. Қозғалтқыш шуы жұмыс циклының барлық фазаларында, әсіресе клапандар ашылып, жабылғанда пайда болады. Салқындату жүйесі желдеткіштерінің шуы қозғалтқыш шу деңгейіне жақын әрі қарқынды болады. АТС басқа шу көздері болып АТС трансмиссиялары табылады. Қоршаған ортаға тиген үлкен акустикалық ластануды шиналар әкеледі. АСТ ішкі және сыртқы шу деңгейіне тежегіш, олардың құрылымына қарай дыбыстық қысым деңгейі әсер етеді. Дискілік тежегіштің жалпы шуы 120дБА дейін жете алады. АТС дыбыстық дабылдардың дыбыстық деңгейі 125дБА дейін жетеді, алайда халықаралық нормаларға сәйкес бұл үлкендік 93дБА дейін шектелген.
АТС және АТП қоршаған ортаның химиялық және физикалық ластануы адам ағзасына әсерін тигізеді. Химиялық ластануларға адам ағзасына тыныс алу органдары, ішек-қарын жолы, тер қабаты және шырышты қабықтар арқылы енетін зиянды заттарды айтады.
4.5 Ауа ортасына келіп түсетін негізгі зиянды заттардың ұсынымдарының нормативтік деңгейлері
Қазіргі уақытта мұнай отынның басты тұтынушылары автокөліктер болып табылады. Елемізде пайдаланылатын мұнайөнімдерінің 18% астамы автокөлік құралына шығындалады және автокөлік паркінің одан әрі ұлғаюы кезінде отын балансындағы шығындалудың бұл бөлігі одан әрі үлкейіп келетін болады. Сондықтан, жанар-жағар май материалдарын тиімді пайдалану, табиғи ресурстарға ұқыпты қарау жағынан халық-шаруашылықтың басты мәселесі болып табылады. Осыған қоса, бұл қоршаған ортаға шығарылатын автокөлік лақтырындыларының жиынтық зиянды әсерінің азаюына себепші болады. Автокөлік отынының одан әрі үнемделуін қамтамасыз ету үшін, ал бұл дегеніміз: атмосфераға шығарылатын зиянды лақтырындылардың азайтылуын қамтамасыз ету мәселелерінде бірқатар шараларды жүзеге асыру нәтижесінде ашылатын қолданбаған резервтерді қолдануға болады
Әрбір автоөндірісте әр автокөлік бойынша отын шығынын нормалау және шығынын есептеу бойынша шаралардың нақты ұйымдастыру қажет, бұл отынның артық шығынын тоқтату бойынша уақытылы және әрекетті шараларды қолдануға мүмкіндік береді. Жұмыс тәжірибесі, отынның жалпы үнемдеуіне жеткенде, оның 15-30% жүргізушілер отынды артық шығындайды. Техникалық ақаулықтар салдарынан болған отынның артық шығыны бұдан бұрын ең маңызды ұйымдастырушылық шарамен талқыланған, бұл отынның артық шығын көлемін азайту үшін, оның маршрут бойынша шығындалу нормаларын әзірлеу және дайындау болып табылады. Мысалы, қалалық автобустардың отын шығыны көбінесе жол жағдайы мен аялдама жиілігіне тәуелді. Әртүрлі бағыттағы аялдама саны 100 шақырым жолға 20-дан 200-ге дейінгі аралықта болады. Сондықтан, әртүрлі бағыттағы жұмыс жасайтын жүргізушілерге, отын шығынының бірдей нормаларын қолдану кезінде әртүрлі шарттар қойылады. Әртүрлі жол жағдайлары және аялдамалар саны бар бағыттар бойынша отын шығындарының дифференциалды нормаларын қолдану, отынның тиімді шығынына жетуге және зиянды лақтырындылармен атмосфераның ластануын төмендетуге мүмкіндік береді.
Қозғалтқыштың төмендетілген жылулық жағдайы кезінде бекітілген жылдамдықтағы қозғалыс шығарылған газ құрамына айтарлықтай әсер етеді, ол қала жағдайында қалыпты жылулық жағдайындағы автокөліктің қозғалысы кезіндегіден 2 есе жоғары болып келеді.
Өрт сөндіру автокөліктерінде ЖА орнатылуы атмосфераға зиянды заттардың лақтырындысын және ЖЖМ шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.
Қорытынды
Автокөліктің жалпы жұмыс тиімділігің басты резерві негізгі агрегаттың – қозғалтқыштың сенімділігі болып табылады. Сенімділік мәселесін шешу үшін қажетті шарттардың бірі қозғалтқыштың жалпы жылулық жағдайын оңтайландыру, оның бөлек бөлшектерінің температуралық жағдайын жақсарту. Қозғалтқыш сенімділігі, олардың жұмыс процессінің тиімділігі, ІЖҚ бөлшектерінде шөгінділердің (дақ, күйе, қалдықтар) пайда болуы жылулық жағдайының деңгейіне тәуелді.
Осыдан біз, ІЖҚ жылулық жағдайын оңтайландыру мәселесі, оларды әзірлеу және қолдану кезінде басты мәселе екеніне көз жеткізе аламыз. Зерттеулер, қозғалтқыштың суық іске қосылуының қысқа жорығы, оның жоғарлатылған тозуының себепшісі екенін көрсетті. Сынақтардың қысқы мерзімінде шығу алдында автокөлік агрегатының температурасы 5˚С болғанмен, цилиндр тозулары жазғы циклдегі тозуларға қарағанда 30% жоғары екенін дәлелдеді. Бұнда, қысқы мезгілде жұмыс жасаған қозғалтқыштың жүктеу режимі жоғары болып шықты, осыған байланысты автокөліктің де, автокөлік трансмиссиясының да ПЖК төмендеді.
Осы жұмыста өрт сөндіру автокөлігіне жылулық аккумуляторды, мотор майының және салқындатқыш сұйықтығының электр қыздырғыштарын орнату, сонымен қатар өрт сөндіру автокөлігінің қозғалтқышын тиімді мөлшерге дейін тез қыздыруға мүмкіндік беретін қосымша термостатты орнату есебімен салқындату жүйесіндегі салқындатқыш сұйықтығының қозғалысын өзгерту ұсынылады. Осының нәтижесінде қозғалтқыштың тозуы, ЖЖМ шығыны, атмосфераға зиянды заттардың лақтырындылары азайып, автокөліктің жөндеу аралық жорығы ұлғаяды.
Жұмыс барысында алынған нәтижелердің жаңалығы төмендегідей сипатталады
1. Сыртқы жылулық баланс құрылымын өзгерту есебінен ІЖҚ алдын-ала іске қосылу қыздыруды жылдамдату мүмкіндігі талдамалы түрде зерттелді. Қозғалтқыштың жұмысы кезіндегі бөлшектердің жылулық және механикалық жағынан қауырттылығы, тозудың ұлғаюы, экономикалық және экологиялық көрсеткіштердің нашарлануы сияқты жағымсыз қысқартуларды қосымша қыздыру құралдарының қолданылуымен азайтуға болады;
2. 0 мен -30˚С аралығындағы температурада жағымсыз температура жағдайында МӨҚҚ бөлімшелерінде кең таралған ӨСА күш агрегаттарын қолдануға бейімделу дәрежесі орнатылды және шақырту орнына келіп жету уақытын қысқарту үшін ӨСА қозғалтқыштарын алдын-ала іске қосу қыздырылуын жеделдетуге мүмкіндік беретін техникалық шешімдердің тиімділігі және оны тоқтатқаннан кейін суып кетуін басеңдетуі зерттелді.
Алынған нәтижелердің тәжірибелік құндылығы төмендегідей:
МӨҚҚ шұғыл бөлімшелерінің тәжірибесінде зерттеу нәтижелерін қолдану – жағымсыз температура кезінде ӨСА шақырту орнына келіп жету уақытын қысқарту арқылы ӨСА қозғалтқыштарын қолдану тиімділігін арттыру мәселесін шешуге мүмкіндік бере алады: шығу радиусының 6 шақырымында ІЖҚ негізгі функционалдық жүйелерін тиімді температураға дейін алдын-ала іске қосу қыздыруды жеделдету кезінде АШ-40(130)-63Б өрт сөндіру автошанының келіп жету уақыты 2,0 минутке ал АШП-6/3-40(5557) – 1,8 минутке қысқарады. ЗИЛ-130 қозғалтқышын қыздырудың мақұлданған тәсілі бөлімшенің АШ-40(130)-63Б автошанымен жету уақытын 0,7 минутқа қысқартуға мүмкіндік береді.
ӨСА қозғалтқыштарының сыртқы ортаның өзгеретін әсерлеріне бейімделуін жақсарту бойынша техникалық шешімдер мен ұсынымдар МӨҚҚ шұғыл бөлімшелеріне қолдану үшін ұсынылды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Яковенко Ю.Ф. и др. Эксплуатация пожарной техники. Справочник. -М.: Стройиздат, 1991г.
Яковенко Ю.Ф. Современные пожарные автомобили. –М.: Стройиздат, 1988г.
Пожитной С.В. Особенности эксплуатации пожарных автомобилей в зимний период // Проблемы деятельности ГПС регионов Сибири и Дальнего Востока. Материалы 1-ой Сибирской научно-практической конференции. Иркутск: ВИСИ МВД России, 1998. - 238с.
Бардышев О.А. Повышение эффективности эксплуатации строительной техники в зимних условиях. Л.: ЛДНТП, 1976. - 20с.
Зыкова Г.Г. Продолжительность периодов с низкими температурами на Азиатской части СССР. JL: Гидрометеорологическое издательство, 1969. - 120с.
Ишков A.M., Григорьев Р.С. Эксплуатационная надежность автомобилей в зоне холодного климата (Западная Якутия). Сб. науч. тр. "Материалы и конструкции для техники Севера". Якутск: 1984. -92с.
Лосавио Г.С. Эксплуатация автомобилей при низких температурах. -М.: Транспорт, 1973. 120с.
Исхаков Х.И. Тепловой режим автомобиля. В кн.: Пожарная техника и тактика тушения пожаров. Сб. науч. тр.- М.: ВИПТШ МВД СССР, 1984.- 124с.
Ильясов P.M. Исследование с целью повышения тактико-технических возможностей пожарной техники при эксплуатации в условиях низких температур: Отчет о НИР (промежуточ.) / ИПЛ УПО УВД Иркутского облисполкрма Иркутск: 1986. 156с.
Кулаковский Б.Л. Пожарные аварийно-спасательные и специальные машины; учеб.пособие/Б.Л.Кулаковский,В.И.Маханько, А.В.Кузнецов-Минск: Технопринт, 20004, 453с.
Кулаковский Б.Л. Применение тепловой подготовки ПАСА для повышения оперативности прибытия к месту вызова/ Б.Л.Кулаковский, С.М.Палубец, В.Д.Тютюма//Чрезвычайные ситуации: предупреждение и ликвидация.-Минск:НИИ ПБ и ЧС. 2004.-№6(16)-с.210-216
Григорьев М.А. и др. Износ и долговечность автомобильных двигателей. –М., Машиностроение, 1976, 247с.
Давыдов Л.Н. и др. Предупреждение ДТП на автомобильном транспорте. –М., Транспорт, 1972,192с.
Фёдоренко В.А., Шошин А.И. Справочник по машиностроительному черчению. -Л.: Машиностроение, 1981. - 416 с.
Фролов С.А и др. Машиностроительное черчение: Учебное пособие для втузов - М.: Машиностроительное, 1981. - 304 с.
Серегин Е.П. Экономия горючего. М., Оборонгиз, 1980, 143с.
Материалы полученные по сети «Интернет».
Қасымбеков М.Б. Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиляқ сөздігі. Машина жасау. «ҚАЗақпарат» баспа корпорациясы, Алматы қ., 2014 жыл.
Достарыңызбен бөлісу: |