Космоним - онинің түрі, галактика мен ғарыш денелерінің, жұлдыз шоғырларының атаулары.
Космонимия - космонимнің жиынтығы.
Лимноним - гидронимнің түрі, көлдер мен тоғандар атауы.
Макротопоним - ірі физикалық-географиялық объектінің атауы. Мысалы,
Сарыарқа, Ақжайық, Нарын, Бетпақ дала, Қызылқұм, т.б.
Микротопоним - шағын географиялық объектілердің атаулары.
Микротопономия - микротопонимдер жиынтығы.
Некроним - топонимнің түрі, зираттар мен молалардың атауы.
Номинаци я- ат беру процесі.
Ойконим - топонимнің түрі, кез келген елді мекеннің (ауыл, село, поселка, қала) атауы.
Ойконимика -топонимиканың ойконимдерді зерттейтін саласы.
Ойконимикон -ойконимдер жиынтығы.
Океаноним -гидронимнің түрі, мұхиттардың атауы.
Оним -жалқы есім.
Онимия -жалқы есімдердің (онимдердің) жиынтығы.
Ономастика - тіл білімінің жалқы есімдерді зерттейтін саласы.Ономастика жеке ілім ретінде
өзіндік жүйеге ие.Ол өз ішіннен
поэтикалық ономастика, қолданбалы ономастика, аймақтық ономастика, теориялық ономастика секілді түрлерге бөлінеді.
Ономастикалық кеңістік - белгілі бір есімдердің таралу аймағы немесе есімдердің тобы.
Ономастикалық кеңістік топонимия,антропонимия, зоонимия, космонимия, теонимия сияқты
топтардан тұрады.
Ономастикалық әдіс - ономастика саласында атаулар сырын танудың жолы. Ономастикалық
әдіс бірнеше түрден тұрады:
стратиграфиялық, құрылымдық, арельды, туыстық, типологиялық, этимологиялық. Әр атаудың қалыптасу жолдары мен ат берілу себептерін
анықтауда осы әдістердің біреуін немесе бірнешеуін пайдалануға болады.
Ономастикалық зерттеудің әдістемесі - ономастика саласындағы зерттеуде қолданылатын
әдіс-тәсілдердің жиынтығы.