ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы


.  Батыс Қазақстан облысы топонимдерінің



Pdf көрінісі
бет129/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

3.2.5
.
 Батыс Қазақстан облысы топонимдерінің
құрамындағы антропотопонимдер жүйесі, ерекшелігі 
Батыс Қазақстан облысы топонимдерінің құрамында есімдер мен әулет есімдерден 
(фамилия) жасалған микротопонимдер де аз кездеспейді. Оларды ономастикада 
антропотопонимдер 
деп атайды. Көшпелі қазақтың әрбір тайпасы мен руының қыстауы мен 
жайлауы болған. Мал шаруашылығымен айналысқан қазақтар шұрайлы жерлерге көшіп, 
жайлау мен қыстауларды ру-ру болып мекендеп, иемденіп, оларға ат қойып, айдар таққан. 
Әдетте, ол жерлердің алғашқы атаулары сол жерді иемденуші ру басыларының, ел 
ақсақалдарының, байлар мен олардың төңірегіндегі адамдардың батырлар мен билердің 
есүмдерімен берілген. Ол ру басыларының кейбірінің есімі тайпа атауына айналып, оның 
есімімен аталған жер-су атаулары генотопонимдер мен этнотопонимдерге айналып отырған. 
Мысалы, 
Есенаман көлі, Еділбай соры, Күшпенкөл, Байбарақ, Байшорақ
т.б. «В названий 
населенных мест найболее часто присутствуют имена, фамилии, прозвища» дейдү 
Э.М.Мурзаев (118,3). Антропонимдердің топонимдер орнына жұмсалуының бірнеше түрі бар. 
Олар кейде дара келіп, енді бірде топонимдік детерминативтермен бірігіп немесе тіркесіп келіп 
антропотопоним құрайды. Мысалы, 
Нияз, Жібек, Ақболат, Ақшолақ өзегі, Қайбалы бөгеті, 
Қошанкөл, Сырымтөбе, Мүсеніора, Ертарғын өзені 
т.б. Керісінше, кісі аттарының 


72 
топонимдерден қойылуы да бүгінгі өмірімізде кездесіп отырады. Мысалы, 
Жайық, Еділ, 
Шалқар, Алтай, Орал
т.б. Осы келтірілген мысалдар антропотопонимдер мен 
этнотопонимдердің, генотопонимдердің арасында тығыз байланыстың болатындығын және ол 
байланыстың екі жақты екендігін көрсетеді. Бұл ерекшелік Қазақстан микротопонимдерінің 
барлығына тән. 
Топонимдер орнына жұмсалатын антропонимдер басқа жер-су атауларындай тұрақты 
болып келмейді. Кісі есімдерінен жасалған топонимдер адамдардың отырықшыл, көшпелі 
тұрмысынан хабар беріп, топонимикалық номинацияның негізгі жолдарына сәйкес дамып 
отырады. Әсіресе бұл ерекшелік адам қызметін бейнелейтін топонимдерден көрінеді. Адам мен 
оның қызметінен туатын топонимикалық номинация антропотопонимдерді құрайтын жеке 
адамдардың есімдері, лақап аты, фамилиялары сияқты категориялармен тығыз байланысты 
болады. Сонымен қатар, этнотопонимдерді құрайтын халық, ұлт, тайпа атаулары мен 
генотопонимдерге негіз болатын ру-тайпа тармақтарының атауларымен де тығыз қарым-
қатынаста болады (21,184).
Антропонимдердің топонимдер орнына жұмсалуының көнеге кететін тарихы бар. 
Сондықтан қазақ антропотопонимдерінің өзіндік ерекшеліктері болуы - табиғи нәрсе. Оған 
атап айтқанда, ертедегі түрлі діни көзқарастар мен саяси экономикалық қоғамдық құрылыс 
әсер етті. Мысалы, көне түркі тіліндегі антропотопонимдер көбінесе
тәңір, құдай, ай, жан, 
күн, тау
мағыналарында болуы - сол бір нәрсеге табынудан туындаған атаулар. ХҮІІ 
ғасырлардағы кісі аттарынан қойылған микротопонимдерді тұңғыш рет Ш.Уәлиханов 
әрбір 
рудың қыстаулары
деп топтаған (1964, 3т., 340-348). Олардың басым көпшілігі бұл күнге 
жетпеген, себебі микротопонимдер ірі обьектілердей тұрақты келмейді. Ертеде 
микротопонимдердің көп болуы жеке меншік қатынаспен, елді мекендердің ру-ру, тайпа-тайпа 
болып қоныстануымен тығыз байланысты болды. Кейін, қазақ даласында колхоздастыру мен 
социалистік қоғамның орнауы бұл процестің бәсеңдеуіне әкеліп соқтырды. Ауылдар 
ірілендіріліп, бұрынғы шағын елді мекендер жойыла бастады. Олардың таратылуы
атаулардың да бірте-бірте қолданыстан шығып, ұмытылуына себепші болды. Қазіргі кезеңде 
микротопонимдердің біразы темір жол бекеттері мен елді мекен атауларында сақталып, 
өзгерместен ғасырлар бойы қолданылып келеді. Мысалы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет