ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы


Сүйіндік, Күшпенкөл, Тазы



Pdf көрінісі
бет127/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

Сүйіндік, Күшпенкөл, Тазы, 
Тоқсоба, Байқуат, Төре, Сырым, Қараман, Сасай, Есен Аңқаты, Беріш аулы, Адай, 
Шағатай, Теке, Тазы, Адай, Бұғанай, Ноғайсай, Керей, Ерсары, Шеркеш, Ақберлі, 
Мешеркөл, Бесқасқа, Масайтөбе, Еділбайсор, Тоқсоба, Масқарбай, Байбарақ, Байшорақ, 
Түркеш, Қоржын, Дәуқара 
этнотопонимдерін атауға болады. Осы топонимдер құрамындағы 
компоненттердің барлығы - Батыс Қазақстан даласын жайлаған ру, тайпа, тайпалық бірлестік 
атаулары. Этнонимдер топонимдер құрамында жүйесіз, қалай болса солай берілмеген. Әрбір 
этнотопоним сол өлкені қандай рулар мен тайпалардың мекендегендігінен хабар беріп 
отырады. Мысалы, Жаңақала ауданында 
Найманайдын 
көлі бар. Егер қазақтың ру-
тайпаларының орналасу ерекшеліктеріне сүйенер болсақ, Найман этнонимі Кіші Жүзде 
кездеспеуге тиіс. Алайда бұл этноним Ақжайық даласында өте көне дәуірде, түркі тайпалары 
мен моңғол тайпаларының аралас өмір сүргендігін көрсетеді. Осындай этноним Жәнібек 


71 
ауданын мекендейтін Ноғайқазақ руында да кездеседі. Осы рудың бір бөлімі 
Үйсін 
деп 
аталады. Демек, облыс территориясында 
Найман, Үйсін, Ноғай 
этнонимдерінің кездесуі және 
олардың жер-су атаулары құрамында келуі бұл даланың, оның топонимиясының тамыры 
тереңге кететін тарихы бар екендігін растайды. Бұл фактіге ғалымдар көңіл аударуда (50; 77; 
113). 
Ғалымдардың пайымдауынша, қазақ халқы тілі бір болғанмен, этникалық құрамы 
жағынан әр түрлі екендігін көрсетеді. Қазақтардың этникалық құрамына түркі рулары, сондай-
ақ араб, моңғол, иран т.б. этноэлементтер кіреді. Мысалы, Жайық қалашығының алғашқы 
атауы - 
Теке
 
болғаны көпке мәлім.
 
Соңғы кездері бұл атаудың табиғаты туралы тың пікірлер 
пайда болуда. Мысалы, Т.Рысбековтің «Өскен өлке тарихы» кітабындағы: «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет