ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет126/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

Тоқсоба 
тайпасы да бар еді. Осы этнонимнің ізі қазір Жаңақала 
ауданының бір бөлімшесінің атауы ретінде сақталып отыр. Тоқсоба атауын генотопоним 
ретінде де алып қарауға болады. Себебі, Сырым батыр шыққан Байұлының үлкен руларының 
бірі - Байбақты руында Тоқсоба тайпасы да бар. Қалай десек те, бұл этнонимнің жер-су 
атауына көшуінде үлкен тарихи деректің жатқандығы талас тудырмайды. 
Жер-су атауларында кездесетін әрбір этноним - сол өлкенің өткен тарихынан мәлімет 
беріп отыратын қайнар бұлақ. Облыс территориясында 
Шағатай
елді мекенінің кездесуі бұл 
далаға моңғол әскерінің келгендігін, қыпшақтың осы көне даласының Алтын Орда 
мемлекетінің құрамына кіргендігін білдірсе, 
Ноғайсай 
гидронимі бұл өлкенің Ноғай ордасына 
қатыстылығын көрсетеді.
 
Қазақстан тарихында: «Ноғай ордасы ХҮ­ ғасырдың аяғынан Батыс 
Қазақстан жерін жайлады. ХІ­ХІҮ ғасырларда Моғолстан, Ноғай Ордасы, Сібір хандықтары 
біржола ыдырағаннан кейінгі жерде, осы мемлекеттердің құрамында болып келген қазақ 
рулары өз жеріне келіп, өз халқының құрамына құйылды. Хақназар хан Қазақ хандығының 
құрамына Жайықтың сол жағасындағы жерлерді қосып, ноғай ұлыстарының біраз жерін өз 
билігіне алды. Сібір хандығының соңғы билеушісі 
Көшімге
қарсы тұру үшін Хақназар өзбек 
ханы Абдаллахпен одақтаса отырып, бұрындары айрылып қалған Сауран мен Түркістан 
қалаларын қайырып алды» деген жолдар соны дәлелдейді. (50, 55). 
Көшім хан 
өмірінің соңғы 
кезінде
 
Ноғай ордасын паналаған
 
деген деректер бар. Соның белгісі ретінде облыс 
территориясында 
Көшім 
өзені атауы сақталған. 
Батыс Қазақстан жерін тарихи кезеңдерде наным-сенімі, діни көзқарасы, тілдері әртүрлі 
тайпалар мен рулар, елдер мекендеп, өзара саяси-әлеуметтік, экономикалық қарым-қатынас 
жасады. Бұл жайт, әрине, өзен-су атауларында да белгілі дәрежеде із-таңбасын қалдырды. Осы 
өңірде ана тіліміздің сөздік қорынан қойылған атаулардың көп болуы ерте кезде қазіргі қазақ 
халқын құраған тайпалардың осы аймақта сан жағынан көп өмір сүргенін көрсетеді.
Қазақ даласынан соңғы бірер мың жыл бойына өзгеріссіз қалған этнотопонимдерді жиі 
кездестіруге болады. Батыс Қазақстан территориясында тұрған рулар мен тайпалық 
одақтардың аттары және қазақтардың этникалық құрамына соңынан енген рулардың аттары
топонимияда өз көрінісін тапқан. Осындай атаулар қатарына 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет