70
өздерінің рухани құндылықтарын, материалдық және рухани мәдениетін, тілін, атауларын
бірге ала келді.
Батыс Қазақстан өңіріндегі өзендер мен көлдерді, малға жайлы жайлаулар мен
қыстауларды тарихи кезеңдерде түрлі тайпалар мен рулар, әр алуан ұлт өкілдері мекен етті.
Сөйтіп, олар саяси-әлеуметтік, экономикалық, қарым-қатынасқа түсті. Бұл жайт, әрине,
топонимияда да өз ізін қалдырды. Қазіргі жер-су атауларында түрлі субстраттар мен
этнонимдердің кездесу себебі де осыдан. Бұл жөнінде Т.Жанұзақов: «Қазақ тілі
ономастикасының лексикалық құрамы азды-көпті болса да, көне заманнан бастап, бүгінгі күнге
дейінгі халқымыздың тарихи - мәдени өрісінің өткен жолын толық көрсете алады. Олардың
құрамында төл сөздерден қойылған атаулармен қатар, басқа тілдерден енген атаулар да бар»
деп орынды көрсеткен (112, 17).
Қазақстандағы және жалпы Евразияның далалық аймақтарындағы этникалық
құбылыстардың шешуші кезеңі бірінші мыңжылдықтың ортасынан басталған түркілердің
батысқа қарай қоныстануымен байланысты. ХҮ-ХҮІ ғасырдағы қыпшақ мемлекеттік бірлестігі
Ертістен Жайыққа дейінгі, Еділден әрі Батыс тараптағы сансыз түрік тайпаларының
этникалық-саяси және шаруашылық мәдени байланыстарына жағдай жасады. Қыпшақ
тайпаларының құрамында
Достарыңызбен бөлісу: