Кубань, Майкоп топонимдері бар.
Қопа сөзінің осылай ала-құла таралу ерекшелігі болашақта ерекше зерттеуді қажет етеді деп
ойлаймыз.
Бұлақ терминінің қатысымен жасалған гидронимдер де бұл өлкеде көп емес. Әдетте
бұлақ таулы жерде көп кездеседі. Ал Батыс Қазақстанда таулы массивтер көп кездеспейді.
В.Н.Попова атап көрсеткендей (10, 50),
бұлақ термині Батыс Қазақстан территориясында да
қосымша мағынаға ие болып,
өзен, сай мағынасын береді. Мысалы,
Талдыбұлақ Ащыбұлақ, Базарбұлақ, Бекжанбұлақ т.б. Керісінше, облыс территориясында басқа аймақта сирек
қолданылатын немесе кездеспейтін
самар, қопа, қамыс сияқты терминдер көбірек ұшырасады.
Ал
көбік, құлақ детерминативтері, біздің ойымызша, тек Батыс Қазақстан облысы
территориясында ғана кездеседі.
Кейбір
детерминативтер
Қазақстанның
батыс
аймағының
өзінде
біркелкі
қолданылмайды. Мысалы,
шыңырау сөзі Маңғыстау аймағында қолданылса да, біз зерттеген
аймақта мүлде ұшыраспайды. Бұл ерекшелікті де Батыс Қазақстанның геофизикалық
сипатымен сабақтастыруға болады. Сондай-ақ, облыс территориясында Қазақстанның басқа
облыстарындағы гидронимдер құрамында келетін
томар, былқылдақ секілді батпақты
жерлерді сипаттайтын гидродетерминативтер жоқ. Олардың орнын белгілі дәрежеде
қопа, қамыс, сор терминдері ауыстырады. Әрине, бұл терминдер алдыңғы терминдер тобының
беретін мағынасын бере алмауы мүмкін. Осының өзі аймақтың рельефтік ерекшелігін, оны
сипаттаудағы географиялық объектілер атауының ролі мен маңызын анық көрсетеді.
Батыс Қазақстан облысы гидронимиясында кездесетін гидродетерминативтердің өзі
барлық аудандарда бірдей дәрежеде тарамаған. Мысалы, жері сулы солтүстік аудандарда