66
Қырыққұдық
елді мекені Тайпақ ауданында орналасқан. Жері ащы болғандықтан ауыл
тұрғындары ауыз су үшін құдықты ауыл сыртындағы қар суы жиналатын ойпаңнан қазады.
Әдетте, ол құдықтардағы су мал суаруға жетпейді. Сондықтан бір-бірінен алшақтатпай (тұщы
су көзінен айрылып қалмас үшін), жиырма-отыз құдық қатар қазылады. Қырқадан қараған
кезде,
ең алдымен, шыпырлаған көп құдық көзге түседі. Осы белгісіне сай елді мекен
қырыққұдық
атауына ие болса керек.
Жеті
сөзінің киелілігі жөнінде, қазақ халқының этнографиясындағы
маңызы жөнінде
І.Кеңесбаев пен басқа да ғалымдардың зерттеулерінде жан-жақты қамтылған. Алайда Батыс
Қазақстан облысы топонимдері құрамында кездесетін бірлі-жарым атаулар бұндай қасиетке ие
бола алмайды. Мысалы, Сырым ауданындағы
Жетікөл
кеңшары көптеген шағын көлдермен,
көлмектермен қоршаулы тұр. Мұның өзі елді мекен атауының
қалай пайда болғандығын
білдіріп тұр.
Шыңғырлау ауданындағы
Сегізсай
елді мекені туралы да осыны айтуға болады.
Аққұмның етегіне орналасқан елді мекеннің маңында шағын көлдер көп. Бұл топонимнің
орысша
Лебедевка
аталуы да маңында судың көпттігін білдіреді. Осындай мысалдарды көптеп
келтіруге болады. Демек, облыс территориясындағы топонимдер
құрамында келетін сан
есімдер, негізінен, екі мағынада - номинативті мағынада және көп ұғымын беретін
абстрактылы мағынада қолданылады.
Міне, көріп отырғанымыздай, Батыс Қазақстан топонимдерінің сан есімдерден жасалуы
аз емес және тікелей обьектінің санын да, нақтылы саннан әрі әдет-ғұрып, салт-сана, ұғымымен
байланысып жататын да байқауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: