ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет115/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

Ақорда, Ақсоғым, Ақмешіт
,
 Ақжайық.
 
Сары
сөзінің қатысымен жасалған топонимдерге 
Сарыөзен, Сарқұдық, Сарықұлақ, 
Сарыайдын, Сарыөмір, Сарысу, Сарытабан, Сарыкөл
секілді атауларды жатқызуға болады. 
Ұ.Қоңқашбаевтың пайымдауына қарағанда,
сары
компонентінің қатысымен жасалған 
топонимдер еліміздің барлық аймағында кездеседі. ғалым бұл сөздің беретін екі қосымша 
мәнін анықтайды: а) парсы тілінде: 
сар - сары
; б) монғол тілінде: 
сара - анық 
(102, 80). 
Алайда, бұл жердегі ғалымның топшылауымен толық келісуге болмайды. Біздің ойымызша, 
топонимдер құрамында кездесетін 
сары
сөзінің бұл екеуінен де басқа бірнеше мағынасы бар. 
Олар топонимдер құрамында келіп жер-су атауларының бір белгісін бере алады. Мысалы, 
Батыс Қазақстан облысында орналасқан 
Сарқұдық, Сарытабан
атаулары жер бедерін 
сипаттау үшін қолданылған. Қазақтар сазды жерді 
сары 
сөзімен белгілеген. Ал
 
Сарысу, 
Сарыөзен, Сарыайдын, Сарыкөл 
атаулары құрамындағы 
сары 
сөзі «лай су немесе тайыз су» 
ұғымын береді. Әдетте, сазды жерде орналасқан өзен-көлдердің суының лай болып келуі оның 
тайыздығына байланысты. Бұл екі ұғым бір-бірімен тығыз бірлікте болады. 
Сары
 
сөзі кейде 
қара
сөзімен салыстырмалы сипатта қолданылып, «кіші» ұғымын да 
береді. Мысалы, Казталовка, Жалпақтал, Жаңақала аудандары территориясы арқылы ағатын 
Қараөзен, Сарыөзен 
өзендерінің атауы осы жүйе бойынша қалыптасқан. 
Облыс топонимдері ішінде 
көк
 
компонентінің қатысымен қалыптасқан атаулар да бар. 
Олардың саны алдыңғыларға қарағанда әлдеқайда аз. Мысалы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет