64
көрсетіп отыр. Батыс Қазақстан облысы топонимдерінің соңында келетін
қара
сөзі биіктік
ұғымынан гөрі ұлттық детерминатив мәнінде қолданылады десек, дұрысырақ болады. Мысалы,
Ащықара, Көздіқара, Қандықара, Тайқара, Тоғытқара, Тұщықара, Шойқара
т.б. Осы
мысалдардан
көріп отырғанымыздай,
қара
сын есімінің топонимдік сыңар ретінде келген
кездегі беретін мәні де, детерминатив ретінде қолданылған кезде беретін мағынасы да түрлі-
түрлі болып келеді екен. А.Н.Кононовтың байқауынша,
ақ
ұйғыр тілінде «сайық»,
қара
кейбір
түркі тілдерінде «жер, құрылық, топырақ» мығыналарын береді.
Достарыңызбен бөлісу: