ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы


Ақорда  топонимі құрамындағы ақ



Pdf көрінісі
бет110/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

Ақорда 
топонимі құрамындағы
ақ
компоненті «әділеттілік» ұғымын береді. Бұл 
атаудың төркіні осы Ордада отырған ел басы «ақ сөйлеп, әділет жолынан таймайды» деген 
ұғымды берсе керек. Ал Батыс Қазақстан облысы үшін осындай қасиетті атау - 
Ақжайық. 
Түр-түстердің тілдегі ауыс мағыналары мен символикалы мәндерінен басқа да 
атқаратын, бірақ көзге түсе бермейтін қызметтері жоқ емес. Жер-су аттарында жиі кездесетін 
түс атаулары Үнемі түр-түс ұғымдарын білдірмейді, географиялық ерекшелігін, әр түрлі 
табиғи жағдаймен сәйкестігін, мекен жайын анықтауға да көмектеседі. Көптеген жағдайда 
дүниенің төрт бұрышын, батысы мен шығысын, оңтүстігі мен солтүстігін, сондай-ақ белгілі бір 
географиялық обьектінің екінші бір обьектіге қатыстылығын, алыс-жақын, жоғары - төмен 
орналасуын бүлдүруі тек бір тілге тән ерекшелік деп қарауға болмайды. Мысалы, А.Н. 
Кононовтың зерттеуіне қарағанда, қытай, иран халықтарында көк, көгілдір және жасыл түстер 
батысты, сары түс - орталықты, қызыл түс - оңтүстікті, ақ түс - шығысты, қара түс - солтүстік 
терістіктің геосимволикасы деп есептелінген (42, 15).
Топонимдер құрамындағы түске байланысты айтылатын сын есімдердің семантикалық 
табиғаты ерекше. Түркі тілдеріндегі күрделі топонимдер құрамында кездесетін түске 
байланысты сын есімдер қатарына
қара, ақ, көк, сары, қызыл, ала, қу, күрең, сұр, құба, 
жасыл 
т.б. сөздерді жатқызуға болады. Бұл тақырыпқа қалам тартқан ғалымдардың 
еңбектерінде түркі тілдерінің топонимиясында кездесетін
 
осы
 
апеллятивтердің мағынасы 
төңірегінде аз айтылқан жоқ. (101; 102; 42; 103; 104; 105). Олардың күрделі топонимдер құрау 
мүмкіншілігі бірдей емес: кейбірі жиі қолданылып, топоним құрайтын негізгі тілдік элементтің 
біріне айналса, енді бір тобы топонимдер құрамында кездесіп отырғанымен, өзінің 
номинативтік мағынасын сақтап қалып отырады.
Топонимдер құрамында түсті білдіретін сын есімдердің жиі қолданылуы түркі 
топонимиясын басқа елдердің жер-су атауларынан оқшаулайды. Түркі тілдеріне қарағанда 
үндіевропа тілдері топонимиясында бұл сөздер әлдеқайда сирек қолданылады. Ал монғол, араб 
тілдерінде түске қатысты сын есімдер қолданыла береді. Әсіресе, монғол тілі топонимдері 
құрамында бұл сөздер мол ұшырасады. Соның бір белгісін Батыс Қазақстан облысы 


63 
территориясындағы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет