61
Тәуелсіздік туын биікке көтерген жас мемлекетіміздің бүгінгі жоғарғы білмді, саналы
әрбір азаматына өз тілінің тарихын, әрбір сөздің шығу тарихын да білетін кезі жетті.
Сондықтан бүгінгі таңда этнолингвистика ғылымына басты назар аудару өміршең мәселенің
бірі саналып отыр.
Болашақты мәуелі бәйтерекке теңесек,
сол бәйтерек тамырын аялап, күту керек. Ал
тереңге кеткен тамыр сол халықтың ғасырлар бойғы тарихы болса, терек өзінің нәрін сол
тарихтан алады. Ендеше тілдің өткен тарихы сол тамырда жатыр. Егер тамырды аяламаса,
күтпесе, қашан болса да, мәуелі бәйтеректің бұтақсыз, жапырақсыз қураған ағашқа айналары
сөзсіз. Сондықтан өзіміздің ұлттық тіліміздің сипатын көрсететін ұлттың төл тума сөздері
жоғалмау керек. Оны зерттеп жаңа ұрпаққа жеткізуіміз керек. Сонда ғана келер ұрпақ
алдындағы парыз өтелері сөзсіз. Демек, этнолингвистика
саласында негізгі салмақ
лингвистикаға жүктеледі (92, 17). Оның себебі мен мәнін түсіну үшін жоғарыда академик
Ә.Т.Қайдаровтың пікірін келтірген болатынбыз (100,34). Этнолингвистиканың бүгінгі
өміріміздегі ролі туралы Т.Жанұзақов былай дейді: «Жеке тілдердің даму кезеңінің келесі саты
сайын өзіндік ерекшеліктері күшейіп отыратынына қарамастан, түркі тілдері өзінің ұзақ даму
барысында ортақ лексикалық қорын сақтап қалды. Өзіндік дамудың күшейе түскен ішкі және
сыртқы заңдылықтарының әсерінен әрбір түркі тілі, соның ішінде қазақ тілі, бірте-бірте өзіне
ғана тән сипатқа ие бола бастайды. Ол қасиеттердің кейбіреуі тілдердің бір тобына ортақ
болса, екінші бір топ тілдерден осы қасиеттерімен ерекшеленеді» (106, 175).
Қоғамдық даму процесінде лексиканың кейбір бөлімі ескіріп, қолданыстан шығып
отырады да, орнына жаңа қолданыстар пайда болады. Бірақ лексиканың пассив қоры түлде өте
ұзақ сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа ауызша да, жазбалай да беріліп келеді. Оның куәсі ретінде
адам аттарын, географиялық атауларды, аспан әлеміндегі атаулар мен жеті атадан әрі
таралатын тайпа-ру аттарын келтіруге болады. Осы пассив қордың тілде ғасырлар бойы
сақталуы - тілдің кумулятивтік қызметі,
яғни қолда барды шашпай, төкпей бойына жинай
отырып, тілдік қордың түпкі бөлшектерін тарихи негіздерімен сақтап, жаңа сөздік құрамның
толығуына барынша себеп жасау болып табылады.
Қай территорияны алсақ та, ондағы географиялық атаулардың бірегей еместігін көреміз.
Біреулері жаңадан пайда болса, енді біреулері - өте ежелден келе жатқан сөздер. Олар бір тілде
қалыптасып, сол халықпен бірге тарап дамиды да, бір тілден екінші тілге ауысқан кезде
топонимдер деформацияға түсуі мүмкін. Мысалы, Жалпақтал
ауданындағы Қараөзен мен
Сарыөзеннің аралығында
Достарыңызбен бөлісу: