Қобыланды мазары, Қобыланды аулы дейтін жерлер
бар. Аққұмның ортасында көл бар.
Ол бірде жарқырап көрініп жатса, бірде көзден тасаланып жол болып кетеді екен. Сол себепті
ол көл
Жұмбақкөл атанған. Әрине, осындай аңызға негізделген жер атауларының сыры терең,
салыстырмалы, кешенді зерттеуді қажет етеді. Аққұммен қатар орналақан
Хан орны, Шәр, Оқ атқан, Шымылдық, Едіге тоғайы, Қаратал, Қарауылтғбе елді мекендері де көне тарихтан
сыр шертеді.
Қарауылтөбе - Тайпақ ауданындағы кеңшар орталығы. Аққұмнан 200 шақырымдай
қашықтықта орналасқан. Аққұмды тарихи деректерге сүйеніп, жаугершілік заманда үлкен
бекініс болған десек, Қарауылтөбе сияқты атаулардың қалыптасуы мағынасынан ақ түсінікті.
Бармақ, Дәуқара ойконимдерінің пайда болуы жөнінде де ел арасында деректер
кездеседі.
Бармақ Кете руының,
Дәуқара Әлтеке руының маңдай алды батырлары болған.
Қазіргі Тайпақ ауданының Есенсай елді мекенінің төңірегін қоныстаныпты. Бірде Дәуқара
Бармақ батыр туралы және одан ешкімнің барымта ала алмайтындығы жөнінде естиді. Дәуқара
қырық жігітімен Бармақ аулына бағыт ала бастайды. Ара қонып Бармақ аулының
жылқышыларына тиіседі де, жылқыны бөліп айдап жүре береді. Төтеп бере алмаған
жылқышылар жылқының барымтаға түскенін иесіне хабарлайды. Хабарда жылқыны бір дәу
қара адамның өздеріне еш зиян тигізбей айдап кеткенін айтады. Осы кезде Бармақ жасы жетпіс
үшке таяп қалса керек. Бірақ соған қарамастан барымташыларды өзі тауып береді. Қазірғы
күнгі Бармақ аталатын оба тұсында Дәуқара оны өзі жеке күтіп алады. Осы жерде шайқасқан
екі батыр ақыры найзаларын бір-біріне қатар салыпты. Жасаңдау Дәуқара біраз жүріп барып
Қалдығайты өзенің басындағы қыратқа жетіп, сол жерден топырақ бұйырыпты. Ол кездің
дәстүрі бойынша, мола салынбайтын болған. Екі батырдың басына да нөкерлері оба үйген.
Осы обалар
Бармақ, Дәуқара деп аталған
7
.
Қазіргі уақытта материалдық тұрмыстағы, рухани мәдениет саласындағы, сондай-ақ
әлеуметтік өзгерістерге байланысты топонимдерді көп өзгерткенмен, халықтардың этникалық
ерекшеліктері де ұмытыла бастауда. Бірақ топонимдердің этнографиялық ерекшелігіне қарай
олар ұзақ уақыт сақталып отыр. Топонимдерде өмірдің әр алуан тұстары көрініс тапты.
Географиялық атаулар өткендегі өндіріс сипаты туралы да айта алады. Олардың көмегімен сауда,
қатынас орындарын, халықтың орналасу шекараларын, отаршылық бағытын белгілеуге болады.
Кейбір жағдайда, әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктеріне де куә болады. Мысалы, кейде үлкен
қалалар мен орындардың ерекше атаулары әлдеқайда қашықтағы ауыл, село, елді мекен
атауларында қайталанып отырады, себебі ол жердің тұрғындарының көбі басқа жерден көшіп
келген тұрғындар болуы мүмкін. Бұндай жағдайда тұрғындар келген жерінің атауын ала келеді,
яғни, жер атауы қоныстанушылармен бірге ауысады. Мысалы, жоғарыда келтірілген
Новоказанка немесе тың игеру жылдары қазіргі Зеленов ауданына Ульяновск, Пермь қаласынан көмекке
көптеген бригадалар келіп, олар қоныстанған ауылдар