Аққурай - Шильная балка, Асан - Богатырев, Жалпақтал - Фурманов, Лбішін - Чапаев, Арамқуырдақ- Комсомольск, Ақтау- Красный маяк, Қарақия-Лубин, Бесқалмақ-Пятимар т.б. Осылай жер-
су атауларын отарлау, саясаттандыру қазақ топопонимиясының ұлттық сипатына кері әсерін
тигізді. Тек соңғы жылдардағы тарихи өзгерістерге байланысты қазақ халқының байырғы өз атаулары
қайта қалпына келтіріле бастады. Әрине, бұндай игілікті нәтижелерге қол жеткізуімізге еліміздің
тәуелсіз мемлекеттер қатарына күруі тікелей себепші болды. Осындай өзгерістер Батыс Қазақстанда
да байқалуда. Мысалы,
Фурманов - Жалпақтал, Чапаев- Ақжайық, Каменка - Тасқала. Сондықтан
топонимика - географиялық атаулардың шығу, пайда болу тарихын, қайта құрылуы мен қызметін
зерттейтін лингвистиканың бір саласы десек, тарихи компонент топонимика ішін міндетті, бірақ бұл
мемлекет пен халықтың тарихы емес, тіл тарихы. Бірде-бір тарихи жағдай өз бетімен тілде көріне
алмайды. Оның іздері кейбір сөздерде тек жанама түрде көрінуі мүмкін, өйткені тіл - біршама дербес
жүйе, сыртқы өзгерістерді тез қабылдамаса, өздерінің жекелеген заңдарымен үнемі өзгеріп тарады.
Ендеше топонимдердің де дамуының қаншалықты өз заңдылықтары болса да, сол тілдің жалпы
дамуыныµ бағытымен өне бойы келіспесе де, олар осы заңдылықтардан тыс қала алмайды.
Кез-келген тілдің лексикасы белгілі бір қарым-қатынастар мен байланыстағы тақырыптық және
семантикалық топтардың негізіндегі тілдің құрылымдық жүйесінен тарады. Сондықтан да, тілдің
лексикалық құрамын, сондай-ақ, оның неғұрлым өзгермелі құрылымын зерттеу қазіргі
лингвистиканың неғұрлым маңызды бағыттарының біріне жатады. Отандық тіл біліміндегі маңызды
нәрсе - тілдің лексика-семантикалық жүйесін қалыптастыру мәселелері және оның қабаттарын
толықтыру. Олардың басым көпшілігі заңды түрде «халық мәдениетінің, ұлттық тұрмыс-тіршіліктің
айнасы» ретіндегі ескерткішке баланады (98, 7)
.
Қазіргі уақытта материалдың тұрмыстағы, рухани мәдениет саласындағы, сондай-ақ,
әлеуметтік өзгерістерге байланысты топонимдер де жиі өзгерістерге ұшырап, соның
зардабынан біртіндеп халықтардың этникалық ерекшеліктері де ұмытыла бастауда. Бірақ
тіліміздің кумулятивтік қызметіне, топонимдердің ерекшелгіне сәйкес ол ерекшеліктер ұзақ
уақыт сақталып отыр. Мысалы, кез-келген тілдің ономастикалық жүйесі сол тілді тұтынушы
этностың (ұлттық, халықтық, ру-тайпалардың) тарихына, мәдениетіне, шаруашылығына
байланысты болады. Олай болса, топонимдер жүйесі де халықтың этникалық құрамы,
материалдық, рухани мәдениеті, азаматтық тарихы жөнінде аса мол деректер беретіні сөзсіз.
Сондықтан ономастиканың теориясы мен әдістемесін зерттеушілер: «Қай атауды алсаңыз да,
соны тудырушы халықтың мәдениетіне әйтеуір бір байланысы болады. Атаулар - мәдениеттің
қалыптасуы мен көрінісі» деп қарайды (99, 205). «Егер халық пен тілді біртұтас құбылыс деп
қарасақ, тіл - халық өмірінің материалдық және рухани байлықтарын бойына жинаған, оның
наным-сенімдерін, дәстүрін көрсететін, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын баға жетпес
байлық» (100,7-40)
.
Әрбір географиялық атау тарихи жағынан уәжделуі географиялық атауды кездейсоқ емес,
тарихи себепті келеді деп тұжырым жасауға толық негіз береді. Мұны Батыс Қазақстан облысындағы
көптеген топонимдерге талдау жасау арқылы дәлелдеуге болады. Мысалы,