ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет105/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

Ульяновск, Пермьский 
атауларына ие 
болды. Жәнібек ауданында құрылыс отрядымен келген жастарға байланысты қойылған 
Минск,
Орджоникидзе 
елді мекендері бар. Алайда бұндай атаулар ұлттық топонимияның салмақты 
бөлімін құрай алмайды. 
7
Информатор Т.Отаровтан жазылып алынды. 


59 
Сөз соңында айтарымыз, Батыс Қазақстан топонимиясының құрылымдық жүйесі жер-су 
атауларының этнолингвистикалық сипатымен тығыз қарым-қатынаста келеді екен. Алайда, этностың 
дамуының өз заңы, жер-су атауларының қалыптасуының өз заңдылықтары бар екендігін де ескеру 
керек. Олардың арасындағы тығыз байланыстың барлығын, ол байланыстың топонимиялың жүйенің 
дамуына ерекше әсер ететінін айта отырып, бұларды бөлек-бөлек категория ретінде алған дұрыс деген 
пікірдің дұрыстығын біз де қостаймыз. Сонымен, аймақтық топонимдердің өзіндік ерекшеліктері 
мен қалыптасуына үш фактор – географиялық, этнографиялық және тарихи-әлеуметтік 
факторлар әсер етеді. Топонимдер қалыптастыруда бұл факторлар бір-бірімен тығыз 
байланыста дамып, жер-су атауларына жан-жақты этнолингвистикалық сипат беруге себепші 
болды. 
3. 2.
Ұлттық мазмұнды атаулардың кумулятивтік қызметі 
 
Қазақ тіл білімінің қазіргі негізгі бағыты тілдің ұлттық ерекшелігін, сырын, табиғатын 
ашу сияқты мәселелерге ерекше көңіл бөліп, яғни, тіл туралы онтологиялық көзқарасты сол 
тілде сөйлеуші халықтың жан дүниесімен, ой-санасымен, соның ішінде тарихымен, 
мәдениетімен тығыз байланыста қарауға ерекше назар аудару болып табылады. Бұл - ХІХ 
ғасырда В.фон Гумбольдт негізін салып, басты назарды тілдің ішкі формасына аударған, 
Ресейде В.В.Потебня дамытқан лингвистикалық бағыттың жаңа сапада қайта жаңғыруына 
байланысты екені соңғы зерттеулерде атап көрсетілді (92; 89; 85; 91).
Жер-су атаулары әркімнің жеке атауы емес, ол - тұрмыстық, дүниетанымдық жағдайына 
байланысты қалыптасатын жалпыхалықтық құбылыс. Бірақ оның негізгі сипаты - жоғарыда 
атап көрсетілгендей, оның тұрақтылығы. Ол оңайлықпен өзгере салмайды, тіл арқылы 
ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Сонымен бірге, тілдің ішкі формасы мен мазмұнын, халқымызға 
тән рухани қазынасын бойына сіңіріп, сақтап, бүгінгі ұрпаққа жеткізетін ана тіліміздің құдіреті 
- оның кумулятивтік қызметімен байланысты. Кез-келген мәдениеттің түрлері, атаулары тіл 
арқылы бейнеленіп, кумулятивтік қызмет арқылы көрініп, ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отырады. 
Жер-су атауларына осындай ерекшеліктер мен қызметтер тән.
Ана тіліміздегі топонимдер - жалпы лексикамыздың, ұлттық мәдениетімідің бір бөлшегі, 
ол да өмірдің диалектикалық заңы бойынша туады, өзгереді. Бір жағынан кейбір атаулар тарих 
қойнауына кіріп жатса, екінші жағынан жаңа, тың атаулар дүниеге келіп жатады. 
Топонимдерде халқымыздың өткен өмірінің тарихи іздері жатады. Қазақ тіл білімінде тарихи 
зерттеудің негізін салушы проф. Қ. Жұбанов былай деп жазды: «Тіл - адамзат тарихының 
қоймасы тәрізді. Жердің тарихын білем дегендерге белгілі бір тәрпіппен бірінің үстіне бірі 
орналасқан қатпарлар арқылы із қалдырып, жердің геологиялық дамуының кезеңдерін 
көрсететін жер қабаттары тәрізді тілдің де әрбір кезеңі даму тәртібіне сай тілде қаланып, 
қалыптасып сақталады» (24, 21).
Көненің көзіндей тілдің қат-қабат қойнауларында сақталып қалған атаулар дүниесінің 
сыры мол. Оның тереңіне үңіліп, тарихын тұтас қарап, сырын ашу- этнолингвистика 
ғылымының үлесі. Себебі этнолингвистика этносты ұлттық тіл арқылы танытатын тіл білімінің 
бірден-бір саласы. Оның себебі мен мәнін түсіну үшін академик Ә.Т.Қайдаров: «Әрбір дәуірде 
өмірге қажет болған ағымдардың аты-жөні, сыр-сипаты т.б. тіл фактілері арқылы ғана бізге 
жетуі мүмкін» деп түсіндіреді(15, 34).
Ғалымның осы пікірі тілдегі шындықтың айнадай 
көрінісі іспетті. 
Бізді айнала қоршаған ортаның бәрі де - атаулар. Біз географиялық атаулар әлемінде өмір 
сүреміз. Адамның туған жері, тұратын орны, т.б. - бәрі де атаулармен ерекшеленеді. Жер 
бетінде объектілердің барлығы белгілі бір атауға ие болып, ол атаулар жүздеген, мыңдаған 
жылдар бойына адамзатқа қызмет етеді. Халық өмір сүруін, тілдер қызметін жоғалтуы мүмкін, 
алайда атаулар өмірі жалғаса береді. Бірақ уақыт өткен сайын олардың дыбысталуы, жазылуы, 
тіпті кейде мағынасы да өзгерістерге ұшырап отыруы мүмкүн. Ондай жағдайда кейінгі ұрпақ 
атаулардың сырын, қайдан, қалай пайда болғанын және мағынасын білместен қолдана береді. 
Бірақ бейтаныс дүниенің тылсым табиғатын тануға құмар адамзат өздерін қоршаған ортадағы 
атаулар сырын да түсүнуге ұмтылады. 
Топонимдердің қоғам өміріндегі орны ерекше. Олар - бір ғана дәуірдің немесе бір ғана 
ғасырдың жемісі емес, мыңдаған жылдар мен ғасырлардан келе жатқан халық қазынасының 
бай мұрасы. Жер-су атаулары халықтың қоғамдық өмірінің ең алғашқы белгілерінің бірі 


60 
ретінде пайда болып, дамып келе жатқан, ұлтымыздың ғасырлар бойы жинақтаған 
эмпирикалық бай тәжірибесінен нәр алып қалыптасқан, сан түрлі жер-су атаулары халықтың 
жадында сақталып, сұрыпталып дамып, көбі бүгінгі күннің кәдесіне қызмет етуде. Мысалы, 
Казталовка ауданы Қараоба совхозында 
Бапан
 
елді мекені бар. Бұл сөз қазақ тілінде тек осы 
топоним қызметінде ғана жұмсалады. Оның беретін мағынасы - «
қамыстың басындағы 
үліүлдек қоңыр ұлпа»
(45, 95, ІІ т.). Сонымен қатар, бұл сөз «Басы - бапан, аяғы - сапан» деген 
халық мақалында да қолданылады. Немесе Тайпақ ауданында


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет