Сакрыл көлі бар. Осы гидроним құрамындағы
сақ сөзі түркілердің
көне сақ тайпасымен байланысты із деп топшылауға болатын сияқты. Яғни, сактар қазған
(рыть, рыл) деген мағынада қалған гидрогим. Мұы көршілес Орынбор, Самара жеріндегі
Сақмар өзенінің
атауы да дәлелдей түседі. Гидронимнің екінші компонентіндегі
мар детерминативті Э.М.Мурзаевтың сөздігінде «холм, бугор, одинокая гора» деп беріледі (107,
145). Сол сияқты бұл детерминативті Тасқала ауданындағы
Семиглавый мар, Жаңақала
ауданындағы
Пятимар атауларымен де салыстыруға болады.
Ру, тайпа, халық, мемлекет атаулары көбінесе халқымыздың өзін-өзі тану санасымен
тікелей байланыста жатуы себепті, олар саяси-этникалық, рухани, дүниетанымдық ұғымдармен
астасып, әлеуметтік қатпар құрап жатуы да - заңдылық. Онда халықтың тарихи есімінің
құрамына еніп, оны толықтыра түсетін барлық саладағы топонимикалық ұғымдар құрамында
өткен замандағы тарихымыздың қилы-қилы тағдыры, сүрлеу жолы, рухани болмысымыздың
көріністері белгі беріп жатады. Бұлардың өзі ұрпақтар буыны алмасып ауысқан сайын
дәстүрлік жалғастық тауып қордалануы арқылы халқымыздың тарихи есіміне айналып
отырады. Шындығында да, дүниеге келген жаңа ұрпақтың жаңа жағдайда өмір сүруі болмай
қоймайтын саяси-әлеуметтік тартыс жолдарында елді мекен атаулары мен кісі аттарында ауыс-
түйістердің болып жатуы - табиғи құбылыстар. Бірақ ғасырлар бойы қалыптасып тұрақталған
топонимикалық атаулар мен антропонимдер үнемі өзінің бастапқы қалпын сақтап қала береді.
****** вст
Сонымен, топонимика арқылы этникалық шекаралар, халықтардың ертедегі көші-қон
бағыттары, өлкелердің отарлануы сияқты мәселелер қалпына келтіріледі. Топонимика
мәліметтері арқылы ата-бабаларымыздың материалдық және әлеуметтік тұрмыс-тіршілік
сипатын анықтаймыз. Тіл тарихын, әсіресе сөздік құрам тарихы мен сөз тудыру тарихы үшін
62
үлкен маңызы бар. Ұмытыла бастаған, қолданыстан әлдеқашан шығып қалған сөздер өз
тіршілігін географиялық атаулар формасында жалғастырады
.