ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы


 Сындық топонимдержәне түске байланысты атаулар



Pdf көрінісі
бет109/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

3.2.1. Сындық топонимдержәне түске байланысты атаулар 
 
Табиғаттағы түр мен түстің барлығы әрқашан да бір заттың, құбылыстық түрін, түсін, өң-
реңкін, сыртқы сипатын ғана анықтаумен шектелмейді. Сонымен қатар түр-түс атаулары 
мүлдем түр-түске қатысы жоқ, не одан бүгінде алыстап кеткен әғым-түсініктерді, мән-
мағыналарды білдіреді. Солардың бірі - түстердің символикалық қасиеті. Символика о баста 
көне гректің 
символ
сөзінен шыққан, бүгінде әр түрлі идеяны, түсінікті, ұғымды, ойды, сезімді, 
іс-әрекетті бүлдіретін шартты белгілердің жиынтығы деген мағынаны бүлдіреді. Түр - 
түстердің де қоғам өмірінде, халықтың дәстүрі мен әдет-ғұрпында, салты мен санасында
белгілі этностың, тіпті жеке адамдардың түсінігінде де осындай символикалық мәні барлығы 
байқалады. Түр-түске байланысты осындай символикалық наным - сенімдер барлық 
халықтарда кездеседі. Сондықтан Батыс Қазақстан облысы топонимдері құрамында кездесетін 
сын есімдердің беретін ортақ қасиеттерімен қатар қосымша мағынасы да өзіндік 
ерекшеліктерге ие. Олар қолданылу шеңберіне, тақырыпты, мағыналық, ұлттық, 
психологиялық, физиологиялық, тілдік, т.б. ерекшеліктеріне қарай түр-түстің ұлттық, 
халықаралық символикасы, әдет-ғұрыпқа байланысты символикасы, геосимволика деген 
топтарға бөліп қарауға болады. Түр-түске байланысты әр дәрежедегі, әр алуан, әр үлгідегі 
символдардың пайда болуына о баста себеп болған не деген сұраққа ең алдымен, жеке 
адамдардың өзін қоршаған табиғи түрлі түстер мен реңктерге олардың көзқарасы, оларды 
сезінуі мен қабылдауы деп жауап берген болар едік. Мысалы, атаулар құрамында кездесетін
ақ
 
сөзі халықтың мәдени, рухани өмірімен тығыз байланысты болады. Әдетте, халқымыз өзінің 
ең қасиетті дүниесін аққа теңеген. Өлгенде де аққа орап шығарып салуының ерекше бір жөні 
бар. Тіпті үйіне кірген жауына да ақ беру осы түстің ерекше символикалық мәнге ие екендігін 
көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет