ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы


БҮРМЕЛІ -  Жәнібек ауданындағы елді мекен



Pdf көрінісі
бет167/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

БҮРМЕЛІ - 
Жәнібек ауданындағы елді мекен.
 
БҮРКІТ - 
Қаратөбе ауданындағы жер аты. Осы жерде ұзақ жылдар қызмет еткен. 
Дауылтаев Бүркіт деген азаматтың атына байланысты қойылған антропотопоним.
 
БҰҒАНАЙ – 
Казталовка,бұрынғы Жалпақтал ауданындағы жер аты, генотопоним. 
Бұғанай 
- Байбақты руының бір бөлімі. 
БҰЗАУКӨЛ – 
Ақжайық, бұрынғы Тайпақ ауданындағы көл, зоогидроним. 
БҰҚТЫРМА - 
Ақжайық ауданындағы гидроним. Ұлттық танымнан пайда болған атау.
 
БҰЛАҚ - 
Шыңғырлау, Казталовка, бұрынғы Жалпақтал аудандарындағы гидроним. 
Бұлақ 
детерминативінің қатысымен жасалған атаулар Батыс Қазақстан облысында сирек 
қолданылады. Оның негізгі себебі облыс территориясының жазық, алқапты келуінде. Бұлақ 
таулы жерде мол болады. Облыс топожүйесінде қолданылаттын 
бұлақ
сөзі қосымша мағынаға 
ие болып, 
өзен, сай
ұғымын береді. 
БҰЛАҚҚҰДЫҚ - 
Жаңақала ауданындағы елді мекен. 
Бұлақ 
сөзі суы мол, көзі өнімді, 
суы тұщы құдықты сиапттау үшін қолданылып жүр.
 
БҰЛДЫРТЫ - 
Сырым ауданындағы өзен және елді мекен атауы. Бұлдырты - облыс 
топожүйесіндегі көне атаулардың бірі. Бұл атау түркі-моңғол тіл бірлестігі кезеңінен бері дәл 
осы күйінде қолданылып келе жатыр. Оны дәлелдейтін деректер VIII ғасырда қазақ даласы 
арқылы бұлғарлардың жеріне өткен Араб халифатының елшісі әрі саяхатшысы Ахмед ибн 
Фадланның 
еңбегінде 
келтірілген. 
Қараңыз: 
????? 
Бұлдырты 
атауы
бұлдыр//бұлдруу//бұдыр//бұжыр гомогенді түбірінің тарихи өзгерісі негізінде қалыптасқан. 
Б.Базылханның сөздігіндегі «бұлдруу» сөзінің моңғол тілінде де бұдыр жер, қатпарлы, 
бұжырлы жер деген ұғымды беретіндігі айтылады. Осы деректерге сүйенсек, Бұлдырты 
өзенінің атауы көне дәуірлерде, түркі тілдері мен моңғол тілдерінің іргесі ажырамаған кезеңде 
қалыптасқан деген тұжырым қалыптасады. 
БҰЛАН – 
Ақжайық, Сырым аудандарындағы елді мекендер, генетопоним. 
Бұлан 
- аша 
тұяқты, бұғы тектес ірі аңның бірі. Тарихи деректерге сүйенсек, Қалдығайты бассейні бойында 
бұландар көп болыпты. Тіпті өзен атауындағы 
қандағай
сөзі де моңғол тілінде 
бұлан
деген 
ұғымды береді. Кейін 
бұлан 
атауы Байбақты руының бір бөлімінің аты ретінде қолданылған. 
Жоғарыдағы елді мекен атауының қалыптасуына соңғы уәж қонымды. Сырым ауданындағы 
Бұлан
атауы Байбақты руының ХVІІІ ғасырда өмір сүрген биі Бұлан Қарақұлұлының есіміне де 
байланысты болуы мүмкін. Бұлан Қарағұлұлы 1783-1797 жж. Сырым Датұлы басқарған ұлт-
азаттық көтеріліске белсене қатысқан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет