ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы


ДӘНИ  – Қаратөбе ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған  антропотопоним.  ДӘУҚАРА



Pdf көрінісі
бет170/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

ДӘНИ 
Қаратөбе ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған 
антропотопоним. 
ДӘУҚАРА
– Қаратөбе ауданындағы жер аты. 
Дәуқара
оронимі Бармақ атауымен бірге 
пайда болған. Соңғы атау төңірегінде біз түсінік беріп кеттік. 
Дәуқара
– Байбақты руының
Әлтеке тайпасынан шыққан батыр. Бармақ батырмен жекпе – жекте өлген. Қалдығайты 
өзенінің бойына жерленген. Қараңыз: 
Бармақ

ДӘУЛЕТКӨЛ
– Ақжайық, бұрынғы Тайпақ ауданындағы көл. Адам атына байланысты 
қойылған гидроним. 
ДӘУЛЕТ
– Ақжайық, бұрынғы Тайпақ ауданындағы елді мекен. Адам атына 
байланысты қойылған антропотопоним.
ДӘУРЕНБАЙ 
– Ақжайық, бұрынғы Тайпақ ауданындағы елді мекен. Адам атына 
байланысты қойылған антропотопоним. 
ДЕРКӨЛ
– Шаған өзенінің саласы. Е.Қойшыбаевтың сөздігінде 
Деркөл
атауын
«дыр –
жер» + «күл – көл»
сөздерінен құралған гидроним дей келіп, «толағай жер асты суы» деген 
мағынаны береді деп түсіндіреді. Ал Б.Базылханның сөздігінде 
дер 
сөзі 
үлкен, мол, көлемді


110 
деген мағынаны білдіреді деген пікір бар. 
Деркөл 
– жер асты суларынан нәр алатын, соның 
негізінде суы ортаймайтын өзендердің бірі. Ендеше, жоғарыдағы екі пікірдің де өзен атауының 
қалыптасуына қатысы бар. Бірақ 
дер 
сөзі «жер асты сулары» деген ұғымды емес, «үлкен мол» 
деген түсінікті береді. Қазақ тілінде «толысқан, кемеліне келген» адамды 
«дер шағы, дер кезі»
деп атайды. Демек, 
«дер»
сөзі өзен суының деңгейін білдіріп тұр. 
ДИҚАНШЫ
– Шыңғырлау ауданындағы елді мекен. Халықтың тұрмыс – тіршілігіне 
байланысты қалыптасқан этнотопоним. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет