ЖАНАТСОР - Казталовка ауданындағы гидроним. Адам атына байланысты қойылған.
ЖАНБАУЫР - Тасқала ауданындағы елді мекен.
ЖАНҒАРА - Жаңақала ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған
антропотопоним.
ЖАНИМАНҚҰДЫҚ - Бөкей ордасы ауданындағы елді мекен. Адам атына
байланысты қойылған антропотопоним.
ЖАНКЕЛДІ - Жаңақала ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған
антропотопоним.
ЖАНКЕЛДИН - Бөкей ордасы ауданындағы елді мекен. Ә.Жангелдиннің құрметіне
қойылған.
ЖАНДЫҚҰДЫҚ - Ақжайық ауданындағы елді мекен. Қазақ халқы құдықты киелі
санаған. Мына этнотопоним сондай ескі наным-сенімнің негізінде қалыптасқан.
ЖАНТАҚКӨЛ - Сырым ауданындағы фитогидроним. Жантақ- шөлейт жерде өсетін,
түйе малы ғана жейтін, тікенекті өсімдік.
ЖАНТЕМІР - Ақжайық, бұрынғы Тайпақ ауданындағы елді мекен. Адам атына
байланысты қойылған антропотопоним.
ЖАНТУМА - Қаратөбе ауданындағы елді мекен.
ЖАҢА АУЫЛ - Тасқала ауданындағы елді мекен.
ЖАҢАҚАЗАН - Жаңақала ауданындағы елді мекен. Патшалық Россияның
Қазақстанды отарлау саясаты негізінде бір кездері қазіргі Жаңақала ауданының жеріне татар
отбасылары көшіп келіп, сарыөзен бойындағы шұрайлы жерлерді иемденіп, қоныстана
бастайды. Соның нәтижесінде олар қоныстанған ауыл
Новая Казанка деп аталған. Кейін осы
атау
Жаңа Қазан болып өзгертілді.
ЖАҢАҚАЛА - Жаңақала ауданының және оның орталығының атауы.
ЖАҢАҚАМЫС - Бөкей ордасы, Жәнібек аудандарындағы елді мекен.
ЖАҢАБАҒЫТ - Қаратөбе ауданындағы елді мекен. Кеңес дәуіріндегі жасанды саяси
топоним.
ЖАҢАБАЗ - Жалпақтал ауданындағы елді мекен.
ЖАҢАБАЙ - Ақжайық, бұрынғы Тайпақ ауданындағы елді мекен. Адам атына
байланысты қойылған антропотопоним.