114
орталығы Чапаев дивизиясының комиссары, жазушы Д.Фурмановтың атымен аталды. 1933
жылы облыстық ономастикалық комиссияның шешіміне сәйкес ауданның тарихи атауы
Жалпақтал кері қайтарылды. Ертеректе осы өңірде тал көп өскен.
Жалпақтал
атауы соған
байланысты қалыптасқан. Оны осы аймақтағы
Талдыапан, Талдықұдық, Казталовка
атауларынан да анық көруге болады.
ЖАЛПАҚСАЙ
- Қалдығайты өзеніндегі өткел.
ЖАЛТЫР КӨЛ
- Қаратөбе ауданындағы көл. Гидроним көл суының балдырсыз,
тазалығына байланысты берілген.
ЖАЛЫН
- Ақжайық, бұрынғы Тайпақ ауданындағы елді мекен.
ЖАМАН
- Сырым ауданындағы елді мекен.
ЖАМАНАҚ
- Казталовка ауданындағы елді мекен.
ЖАМАНСАЙ
- Шыңғырлау ауданындағы гидроним.
ЖАМАНТАУ
- Бөкей ордасы ауданындағы ороним.
ЖАМБЫЛ
- Бөкей ордасы, Ақжайық, Сырым, Зеленов аудандарындағы елді мекендер.
Ж.Жабаевтың құрметіне берілген атау.
ЖАМБАСҚАРА
- Жаңақала ауданындағы елді мекен, зоотопоним.
ЖАНАЙ
- Ақжайық, бұрынғы Тайпақ ауданындағы елді мекен. Адам атына
байланысты қойылған антропотопоним.
ЖАНАМА -
Ақжайық, бұрынғы Тайпақ ауданындағы елді мекен. Судың ағысын
бейнелеуден пайда болған.
Достарыңызбен бөлісу: