ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы


ЖІҢІШКЕ  - Ақжайық, Шыңғырлау аудандарындағы өзен атауы. Өзен арнасының  пішініне байланысты қалыптасқан гидроним



Pdf көрінісі
бет183/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

ЖІҢІШКЕ 
- Ақжайық, Шыңғырлау аудандарындағы өзен атауы. Өзен арнасының 
пішініне байланысты қалыптасқан гидроним. 
 
З 
 
ЗАБРОДИНО - 
Зеленов,Казтоловка аудандарындағы елді мекендер. 
ЗАУРАЛЬНЫЙ 
- Ақжайық,бұрынғы Тайпақ ауданындағы елді мекен. 
ЗАЧАГАНСК 
- Орал қаласындағы мөлтек аудан. 
ЗӘКІР
- Казталовка,бұрынғы Жалпақтал ауданындағы елді мекен. Адам атына 
байланысты қойылған антротопоним. 
ЗЕЛЕНОВ 
- Зеленов ауданының атауы. 
ЗЕЛЕНОЕ 
- Зеленов ауданындағы елді мекен
ЗЕРНОВОЕ 
- Жәнібек ауданындағы елді мекен. 
 
И 
 
ИВАНҚҰДЫҚ 
- Ақжайық, бұрынғы Тайпақ ауданындағы елді мекен. Адам атына 
байланысты қойылған антротопоним. 
ИГІЛІК 
- Тасқала ауданыныдағы елді мекен. 
ИМАНКӨЛ 
- Бөкей ордасы ауданындағы гидроним. Адам атына байланысты қойылған. 
ИТАРҚА 
- Қаратөбе ауданындағы елді мекен. Жер бедеріне байланысты берілген атау. 
ИТЕН 
- Ақжайық ауданындағы елді мекен. 
ИТМҰРЫН 
- Бөкей ордасы ауданындағы елді мекен. Шөп атауынан қалыптасқан 
фитотопоним. 
ИСАТАЙ 
- Бөкей ордасы ауданындағы елді мекен. XVIII ғасырдағы Бөкей Ордасындағы 
ұлт-азаттық көтерілістің басшысы Исатай батырдың құрметіне қойылған антротопоним. 
ИСКРА 
- Бөкей ордасы ауданындағы елді мекен. 
ИХСАНКӨЛ 
- Ақжайық ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған 
антрогидроним. 
К 
КАЗАРМА
- Жаңақала ауданы елді мекен. Еділ-Жайық аралығын ғасырдан астам 
қоныстанған торғауыт қалмақтары 1771 жылы Жоңғарияға көшеді. Осыдан кейін орыс 
патшасы 1794 жылы Жайық орыс казактарына жаңа бекініс шебін белгіледі. Оның төрі 
Сарыөзеннің Сарыкөлсамарға құяр тұсындағы Глинянск бекінісі болды. 1813 жылы Орал 
әскери кеңесі өз билігімен Сарыөзеннің батыс жағалауын, яғни Қамыссамар жерін өз 
меншігіне айналдырды. 1866 жылы Глинянск бекінісінен Оралға дейін әрбір 30-35 шақырым 
сайын бекеттер орналастырды. Казарма - сол бекіністердің бірі.
КАЗТАЛОВКА
- Қарасу өзенінің бойына орналасқан аудан орталығы. Бұл атаудың 
шығу тарихы төңірегінде бірнеше жорамал бар:
1) Казталовка атауының шығуын қар суымен байланыстырып, "Таловая вода" сөзінен шыққан 
дейтін пікірлер бар. Егер бұл атау осы сөзден шыққан болса, топонимнің негізі орыс сөзі 
болып шығады. Алайда бұл аймақтың қазақтардың көне мекені екені белгілі. Сондықтан ол 
жерде орыс тілінде топонимдер қалыптасуы мүмкін емес.
2 ) Казталовка атауы "тал егу" тіркесі негізінде қалыптасқан. Казталовка, Жалпақтал 
аудандарының жерінде кезінде қалың екпе тал өскен. Тал егу туралы жарлықты Жәңгір хан 
берсе керек. Хан әміріне сәйкес тал егу, елді мекендерді көгалдандыру, су бөг арқылы 
жайылымдарға су шығару, егін егу секілді жұмыстармен айналысқан.
Казталовка
атауы осы 
жұмыстарға байланысты қалыптасқан деген жорамал шындыққа жақын. Себебі бұл аймақта 


118 
ертеде екпе талдың мол өскендігін растайтын мәлімет осы жерлерге жақын елді мекен 
атауларында тал терминінің көп кездесетіндігі арқылы дәлелденеді. Мысалы, 
Жалпақтал, 
Талдықұдық, Талдыапан
т.б. Ал топонимге 
-овка, -евка, -инка
сияқты суффикстер орыс 
тіліндегі үлгі бойынша жалғануы әбден мүмкін. Таловка топонимі кейіннен Қазақ таловкасы 
және Орыс таловкасы деп бөліну нәтижесінде Казталовка атауы қалыптасқан. Қазір Казталовка 
атауы қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне ыңғайланып Қазталов деп беріліп жүр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет