ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет65/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

а) Топонимизация
тәсілі дегеніміз - жалпы географиялық терминдердің 
(детерминативтердің) ешбір қосымшасыз топонимдерге айналуы. Бұл тәсіл арқылы жасалған 
топонимдер Батыс Қазақстан топонимиясында да кездеседі. Мысалы, 
Сор
- Орда ауданындағы 
елді мекен, 
Оба - 
Жәнібек, Тайпақ аудандарындығы елді мекен, 
Өзен - 
Жаңақала ауданындағы 
сай, 
Қопа - С
ырым, Жалпақтал аудандарындағы елді мекен.
Берілген мысалдардан көріп 
отырғанымыздай, топонимдену тәсілі арқылы жер-су атауларға айналған топонимдердің басым 
бөлігі бір-бірімен синонимдес болып келіп, облыс көлеміндегі түрлі атауларда қайталанып 
кездесіп отырады. 
ә) Трансонимизация
деп антропонимдердің (кісі аттарының) ешбір қосымшасыз 
топонимдерге айналуын айтады (74, 138). Бұл тәсіл арқылы қалыптасқан топонимдер де облыс 
территориясында көптеп кездеседі. Мысалы, 
Сәуле, Жәнібек, Нияз, Сабыр, Дәни, Абай, 
Сырым, Шыңғыс
т.б. 
Трансонимизация тәсілі
арқылы жасалған топонимдерді топонимика 
ғылымында 
антропотопонимдер
деп атайды. Бұл тәсқл арқылы қазақ тілінде, көбінесе, 
микротопонимдер пайда болады. Сондай-ақ антропонимдер күрделі топонимдердің сыңары 
ретінде де келе беретінін ескерер болсақ, 
трансонимизация тәсілін 
қазақ топонимиясындағы 
өнімді тәсіл деп айтуымызға болады. Кісі аттарының топонимдерге, топонимдердің кісі 
аттарына ауысу процесі - ертеден келе жатқан лингвистикалық және тарихи-этнографиялық
құбылыс. Сайып келгенде, бұл тілдің даму процесінің бір көрінісі ғана. 
б) Транстопонимизация
тәсілі - 
топонимдердің бір кластан екінші бір класқа ауысып, 
жаңа объектінің атауы ретінде жұмсалуы. Бұл тәсіл арқылы жасалған жер-су атаулары да 
Батыс Қазақстанда аз емес. Мысалы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет