Шаған өзенінңің атауынан кездестіруге болады. Бұл атау монғолдың
цэхан-ақ (белый) сөзі негізінде қалыптасқан.
Түске байланысты атаулар Батыс Қазақстан облысы топонимдері құрамында да бар және
аз емес. Мысалы, облыс топонимдері құрамында түске байланысты сын есімдердің көмегімен
құралған мынадай атаулар тобы бар:
ақ -
Ақсай, Аққұм, Ақсоғым, Ақпәтер, Ақтау, Ақбақай, Аққыстау, Аққозы, Аққұс, Ақмешіт, Ақбұлақ; қара - Қараоба, Қаратөбе, Қарақұдық, Қараорыс, Қараөзен, Қарабөгет, Қарақоға, Қарамола, Қарабұлақ, Қарашығанақ, Қарақия, Қарасор; көк - Көктерек, Көкөріс, Көкқамыс, Көкшағыл; сары - Сарытау, Сарысу, Сарыбұлақ, Сарыөмір, Сарыайдын, Сарышығанақ, Сарықұдық, Сарыөзен; қызыл - Қызылкөл, Қызылту, Қызылжар, Қызылтаң, Қызылақрап, Қызылоба және т.б. Түске
байланысты қалған сапалық сын есімдерге қарағанда, осы сөздердің көмегімен құралған
топонимдер көбірек кездеседі. Бұл сөздер өзінің тура мағынасынан басқа да көптеген мәнге ие
болатындығы туралы А.Н.Кононов, Ғ.Қ.Қонқашбаев, Е.Қойшыбаев, О.Т.Молчановалардың
еңбектерінде қамтылған (42; 102; 28; 104).
Түркі географиялық терминологиясында
ақ пен
қара сөздері өзінің негізгі мағынасынан
басқа қосымша мағыналарға ие бола алады. А.Н.Кононов
ақ және
қара сөздерінің негізінен
гидронимдер құрамында кездесетінін айтып, бұл сөздерді
ақу, қарау етістіктері
семантикасымен тығыз байланыста қарастырады. Ол гидронимдер құрамында кездесетін
қара сөзі «жер және жер асты сулары» ұғымын береді деп есептейді. Демек, Қазақстанның кез-
келген территориясында кездесетін
Ақсу, Қарасу атаулары құрамындағы
ақ, қара сөздері жер
асты сулары ұғымымен тығыз байланысты деп саналады (42, 84). Шынында да мәңгі өар
басып, мұз қаптап жатқан таулардан нәр алып, оның жылғалы қойнауларымен етекке қарай
құлап ағып жатқан асау өзендер көп жерде «