ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы


) Кейбір топонимдер құрамындағы  «қара»



Pdf көрінісі
бет113/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

.
5) Кейбір топонимдер құрамындағы 
«қара»
сөзі «көп» деген ағымды да беретін кезі 
болады. Мысалы, облыс территориясында 
Қараорыс
 
атауы кездеседі.
6) Жер бедерін сипаттау үшін қолданылады. Бұл мақсатта қолданылған «қара» сөзі өзінің 
тура мағынасында келеді. Мысалы, 
Қарашығанақ, Қарасор,
т.б.
Ғ.Қ.Қоңқашбаев 
қара
сөзі күрделі топонимнің соңынан келгенде, биіктік ағымын береді 
деп түсіндірсе, О.Т.Молчанова бұл терминнің көнелігін түрлі фонетикалық варианттарда 
кездесетін 
қора, қар, құр, қар, гара, қара
формаларымен дәлелдей отырып, «бір оқиғадан 
қалған қарайған орын» ағымында қолданылады деп көрсетеді (104, 109). Шынында да, қ
ара
сөзінің күрделі топонимдер құрамындағы позициясы оның беретін мәніне де әсерін тигізетіні 
Батыс Қазақстан топонимдерінде анық байқалады. Алайда 
қара 
сөзі соңғы позицияда биіктік 
ұғымын береді деген пікірмен де толық келісуге болмайтынын топонимиялық материалдар 


64 
көрсетіп отыр. Батыс Қазақстан облысы топонимдерінің соңында келетін 
қара 
сөзі биіктік 
ұғымынан гөрі ұлттық детерминатив мәнінде қолданылады десек, дұрысырақ болады. Мысалы, 
Ащықара, Көздіқара, Қандықара, Тайқара, Тоғытқара, Тұщықара, Шойқара 
т.б. Осы 
мысалдардан көріп отырғанымыздай
қара
сын есімінің топонимдік сыңар ретінде келген 
кездегі беретін мәні де, детерминатив ретінде қолданылған кезде беретін мағынасы да түрлі-
түрлі болып келеді екен. А.Н.Кононовтың байқауынша, 
ақ
ұйғыр тілінде «сайық», 
қара
кейбір 
түркі тілдерінде «жер, құрылық, топырақ» мығыналарын береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет