Ақсу» атануы тегін емес. Дәл осы тектес пікір
Э.В.Севортянның сөздігінде де кездеседі. Ол
Ақсуат, Ақсу, Ақсай, Аққұм топонимдеріндегі
ақ компоненті заттың түсін емес,
ағу қимылын білдіретін етістік екенін басқа тілдердегі
сөздермен салыстыра
отырып зерттейді (27, 12).
Ақсай деп аталатын гидроним де осыған орай бір кездерде ағыны қатты тау суының
аққан арнасы сайға айналғандығын аңғартады. Кейде «таза, мөлдір, қар суы» деген ағымдарды
да беруі мүмкін. Ал мекен жай, тау-жыра, фауна мен флораға байланысты қолданылуы бұл
мағыналардан мүлде басқаша болуы мүмкін (42, 83).
Батыс Қазақстан аймағы топонимдері құрамында кездесетін
қара сөзі бірнеше
семантикалық мәнге ие болады:
1) жоғарыдағы ғалымдар айтқан, жер асты суларынан нәр алатын өзен атаулары ағымын
береді. Мысалы,
Қарасу, Қарақұдық, Қарабөгет ; 2) белгілі бір атаудың екінші бір атаумен салыстырғанда көлемінің үлкен екендігін
білдіреді. Мысалы, облыс территориясында
Қараөзен, Сарыөзен деген өзендер бар. Осы
атаулардағы
Қараөзен атауы «үлкен» деген ұғымды береді. Демек,
Сарыөзен гидронимі
құрамындағы
сары компоненті осы атауға антонимдік сыңар құрап, «күші» мағынасын беріп
тұр;
3) кейбір топонимдер құрамында кездесетін
қара сөзі «қалың», «ну» ағымын да береді.
Мысалы,
Қарақамыс, Қарақоға . Суы кеуіп, орнына қалың қамыс немесе қоға өсіп кеткен көлді
дәл осылай атау дағдысы Батыс Қазақстан территориясында қалыптасқан;
4) Биіктік атаулары. Кейбір топонимдер құрамында кездесетін қара сөзі «тау», «қырат»,
«төбе» ұғымын береді. Мысалы,
Қаратөбе, Қарақия, Қарамола