Көктерек, Көкөріс, Көкшағыл, Көкқамыс . Бұл атаулар құрамында кездесетін
көк сөзі өзінің тура мағынасында беріліп тұр. Ал
қызыл сөзінің тіркесуімен қалыптасқан топонимдер саны біраз болса да, олардың басым
көпшілігі жасанды топонимдер болып келеді. Мысалы,
Қызылту, Қызылақрап, Қызылоба, Қызылтаң, Қызылжар, Қызылқора сияқты атаулар - кеңес дәуірінде қалыптасқан
топонимдер. Бұл топонимдерді
саяси топонимдер деп те атауға болады.
Топонимдердің сын есімдерден жасалуының өзіндік сыры бар. Өйткені жердің ой-
шұқырын, бет-бедерін, түр-түсін, тар-кеңдігін, үлкен-кішілігін, судың ащы-тұщы, дәмін, иісін
білдіретін сөздер, негізінен - сын есімдер. Сондықтан да жер, көл, су, тау т.б. обьектілерді сын
есім категорияларындағы сөздердің қатысуынсыз атау мүмкін болмаған.
Оларды мынандай лексика-семантикалық топтарға бөлуге болады:
65
1.
Түр-түске байланысты топонимдер:
Қарасу, Қараоба, Қарабөгет, Сарықұдық, Сартоғай, Сарыайдын ,
Ақпәтер, Ақмешүт, Ақшолан, Аққыстау, Қызылжар, Қызылақрап, Қызылту, Шәбарқұдық, Көктерек, Көктау, т.б.
2.
Жер-судың ащы-тұщылығына, құнарлылығына, дәміне байланысты топонимдер:
Майлыкөл, Тұщықұдық, Ащыөзек, Шөптікөл т.б.
3.
Объектінің ұзын-қысқа, терең-таяздығына байланысты топонимдер:
Жамансай, Қарт Жайық, Ұзынкөл, Кішіөзен, Мұқыр, Сасықкөл, Жіңішке, Ұзынкөл, Тереңкөл, Тереңсай т.б.
4.
Объектінің көлеміне, сыртқы сипатына, үлкен-кішілігіне, байланысты топонимдер:
Дөңгелексор, Қисықсай, Жалтыркөл, Орлыкөл, Егізтөбе, Жалпақтал т.б.
Сонымен, Батыс Қазақстан облысы топонимдері құрамында кездесетін түске байланысты
сөздерді қолданылу ерекшеліктеріне сәйкес екі топқа бөлуге болады екен:
1)Номинативті мағынада қолданылатын түр-түс атаулары; 2)Ахроматикалық (түр-түстік
емес) мағынада жұмсалатын сөздер. Демек, топонимдер құрамында түске байланысты
компоненттері бар қатыстық және сапалық күрделі сын есімдер арқылы жасалған топонимдер
құрылыстары жағынан республиканың басқа облыстарындағы топонимдік жүйеге толығынан
сәйкес келіп отырады. Бұның өзі жер-суға ат қойып, айдар тағу принципіндегі халық
творчествосының, жалпы халықтың ой-өрісімен, оның мәдени дәрежесімен бірлікте екенін
көрсетеді. Осындай ерекшелік Батыс Қазақстан топонимиясына да тән.