ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет124/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

транстопонимизация
(топонимдерден топонимдердің пайда болуы немесе бір топонимнің 
екінші бір мәнге ие болуы) тәсіліне өзек болған бастапқы негіздер де - гидронимдер. Мысалы, 
Шыңғырлау, Қалдығайты, Қарақамыс, Нарын, Өлеңті, Аңқаты, Бұлдырты, Шідерті, 
Деркөл 
т.б. гидронимдері негізінде, 
трантстопонимизация
тәсілі арқалы ойконимдер 
қалыптасқан. Сондықтан жер-су атауларының қайсысы бірінші пайда болды деген сұраққа да 
гидронимдер тұңғыш пайда болған деп жауап беруге болады; 
4. 
Гидронимдер де топонимдердің басқа кластары секілді өзіндік грамматикалық 
құрылымдардан (дара-күрделі, негізгі-туынды), қалыптасу қабаттарынан (моңғолдық, 
жалпытүркілік, араб-парсылық т.б.), гидронимиялық детерминативтерден (көл, өзен, сай, 
бұлақ, бастау, сор, су), этнографиялық сипаттардан тұрады.
В.Н.Топоров пен О.Н.Трубачев гидронимдерді мынандай семантикалық топтарға бөледі: 
1) шөп атауларынан қойылған гидронимдер; 2) ағаш түрінен қойылған гидронимдер; 3) 
жерасты қабаттары мен топырақ ерекшеліктеріне байланысты гидронимдер; 4) судың түсімен 
байланысты гидронимдер; 5) өзеннің ағысы мен судың ерекшелік сипатына байланысты 
гидронимдер; 6) қоршаған ландшафт ерекшелігіне байланысты гидронимдер; 7) өткелдер мен 
бөгеттер т.б. су құрылыстары атымен байланысты гидронимдер; 8) облыс аймағы немесе 
шекарасымен байланысты гидронимдер; 9) хайуанаттар аттарымен байланысты гидронимдер 
(71, 214). Алайда біз гидронимдерді бұлай дәстүрлі классификацияға бөлуден бас тарттық. 
Егер біз де осы әдісті ұстансақ, осыған дейінгі жалпы топонимдерді бөлген топтастыруды 
қайталаудан артық ешбір мақсатқа жете алмас едік. 
Гидронимдер өлкенің этнографиялық сипатын белгілеуде үлкен қызмет атқара алады. 
Соның бір белгісі - этногидронимдер. Ерте кездерде қазақ рулары мен тайпалары бөлек-бөлек 
топтанып қоныстанғандығы бізге белгілі. Олардың негізгі қоныстанған жерлері өзен-көлдер 
жағалауы болған. Бірте-бірте ру, тайпа атаулары су объектілері атауларына қойыла бастаған. 
Қазіргі кезеңде көне рулар мен тайпалар атауының қатысымен қалыптасқан осындай күрделі 
гидронимдерді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет