Қарасу, Ақкөл, Сарыөзен, Қараөзен, Шұқыркөл, Мұқыр, Кепкенсай, Бозайдын, Сарыайдын, Тереңкөл гидронимдері судың түсіне, кейде
тайыз-тереңдігіне байланысты қойылса,
Жайық, Елек, Жалпақсай, Нарын, Шалқар, Тамақайдын, Барбастау, Шөмішкөл, Ұзынкөл, Аралсор атаулары судың көлеміне,
Шідерті, Аңқаты, Бұлдырты, Өлеңті, Қабыршақты гидронимдері оның жағалауының бедеріне,
Қалдығайты, Қасқырсай, Балықты, Шортанкөл, Тышқанкөл, Тышқансай сияқты
гидронимдер су бойын мекендеген жан-жануарлар дүниесіне байланысты қойылса керек. Ал
Қамыссамар, Қарақамыс, Қамыстыкөл, Шоңқайлыкөл гидронимдері су объектілерінің
өсімдік дүниесіне қатысы нәтижесінде қалыптасқан.
Таласкөл, Қандысай, Қандыөзек, Қиянөткел, Темірөткел, Көнеккеткен, Тоғытқара, Сакрыл, Есен Аңқаты, Ерсары Аңқаты секілді су атаулары - халқымыздың өткен өмірінен мол мәлімет бере алатын этнографиялық
сипаттағы гидронимдер. Жалпы, этнографиялық сипаты жағынан бір де бір топоним түрі
гидронимдер атқаратын кумулятивтік қызметті атқара алмайды.
Гидронимдер - ұзақ және тұрақты түрде бірнеше ғасыр халыққа атау ретінде қызмет
ететін топоним түрі. Елді мекендер атауларына қарағанда су, өзен, көл, сай атаулары көбіне
тұрақты келеді. Өйткені елді мекендер түрлі тарихи оқиғаларға байланысты, қоғамдық
формацияның ауысу, өзгеруіне орай жойылып отырса, су, өзен, көл атаулары ғасырлар бойы
сақталып, кейінгі ұрпаққа жетіп отырады. Облыстың солтүстік аудандарындағы
ойконимдердің басым көпшілігі, әсіресе Приурал, Зеленов, Теректі, Бөрлі, Ақжайық
ауданының Орал қаласына жақын елді мекендерін соңғы 200 жыл көлемінде көшіп келген
орыс, украин шаруалары, Жайық орыс-казактары мекендегендіктен, ол жерлердегі елді
мекендердің көне атаулары мүлде жоғалған. Осының өзі соңғы кездегі сепаративтік бағытты
ұстанған саясаткерлерге «бұл жерлерді бұрын ешкім мекендемеген, тек біздер көшіп келгесін
ғана қазақтың осы бос жатқан аймақтары игеріле бастады» деген сорақы тұжырымдар жасауға
негіз болды. Алайда, осы аймақтардағы су объектілерінің, әсіресе үлкен гидронимиялық
объектілер атауларының түркі тілдерінде берілуі - жоғарыдағы пікірлерге қарсы тұра алатын,
бұл аймақтардың да түркі халқының көне, төл мекені екендігін толық ділелдей алатын
деректер. Демек, Батыс Қазақстан облысы топонимдерінің стратиграфиялық қабаттарын
белгілеу мен анықтау барысында талдау объектісі ретінде де, негізінен, гидронимдер алынды.
Бұл тұрғыда мына бір пікірді келтіріп кетуді жөн көрдік: «Мағынасы көмескі атаулар, әсіресе
гидронимдер, көне дәуірлерден бері өзгеріске түспей, көбіне сол қалпында бізге жетіп, тілдік
мәліметтердің маңызын күшейте түседі» (71,3). Батыс Қазақстан топонимиялық жүйесінде
кездесіп, еліміздің басқа аймақтарында көп кездесе бермейтін реликтілік тұлғалар мен
реликтілік құрылымдары да осы гидронимдер құрамына талдау жасау нәтижесінде анықталды.
Сондықтан, топонимдердегі тарихи факторларды анықтауда да гидронимдердің атқаратын
ролінің өте зор екендігін тану қиын емес;
69
3.
Гидронимдер Батыс Қазақстан облысы топожүйесінің дамуында да үлкен қызмет
атқарып отыр. Туынды топонимдер жасау тәсілдерінің бірі болып саналатын