Ономастика теминдерінің шағын сөздігі.
Абионим
- жалқы есімдердің бір тобы.Абионимге ғаламзат есімдері жатады.Абионим өз ішінен
топонимдер, стратонимдер, космонимдер, астронимдер, астротопонимдер болып бөлінеді.
Агионим
-қасиетті есім. Ел ішінде «әулие» ұғымына ие болып, таралған есімдер.
Агиотопоним
- қасиетті есімдерден қойылған жер-су атаулары.
Агроним
- урбанонимнің бір түрі, қала алаңының немесе базарының атауы.
Антропоним
- онимнің бір түрі. Адамның аты және әкесінің аты, лақап аты, т.б.
Антропонимика
- ономастиканың кісі есімдерін зерттейтін саласы.
Антропономия
- антропонимдердің бір түрі.
Ареал
-таралу аймағы.Мысалы,
топономиялық ареал, антропономиялық ареал т.б.
Астионим
- ойконимнің түрі, қала атаулары.
Гелионим
- гидронимдердің түрі, тұзды, батпақты жердің атауы.
Гелионимия
- гелионимдер жиынтығы.
Генотопоним
- генонимдердің қатысымен жасалған жер-су атаулары.
Географиялық
термин
(детерминатив)
–
географиялық
ұғымдардыбелгілейтін
сөздер.Географиялық терминдер типтік және туыстық түрлерге бөлінеді.
Географиялық атау
- қараңыз: топоним.
Географиялық фактор
- топонимдердің объектінің физико-географиялық сипатына сәйкес
қалыптасуы.
Геоним
- астротопонимнің түрі, Жер планетасындағы ірі – ірі табиғи табиғи-физикалық
объектілерді басқа да планеталардағы географиялық нысандармен салыстыру мақсатында
қалыптасқан атаулар. Мысалы, Қара теңіз, Алтай таулары, Тынық мұхит, Каспий теңізі т.б.
Геонимия
- геонимдердің жиынтығы.
Геортоним
- мемлекеттарапынан бекітілген, халық арасында сақталған мерекелер мен ерекше
күндердің атауы.Мысалы,
Жеңіс күні,Желтоқсан оқиғасы, 1 мамыр, 1916 жыл, Ақтабан
шұбырынды
т.б.Геортонимдер кейде жер-су атаулары қызметін де атқарады. Керісінше, кейбір
геортонимдер топонимдерден қалыптасады.Мысалы, тарихымызда
Аңырақай шайқасы
деп
аталатын тарихи дата бар.Осы геортоним
Достарыңызбен бөлісу: |