ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы


Ороним - топонимнің түрі. Тау, шың, қырат атаулары. Мысалы,  Алатау, Хантәңірі, Алтай,  Орал т.б.  Оронимика



Pdf көрінісі
бет134/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

Ороним
- топонимнің түрі. Тау, шың, қырат атаулары. Мысалы, 
Алатау, Хантәңірі, Алтай, 
Орал т.б. 
Оронимика
- топонимиканың оронимдерді зерттейтін саласы. 
Оронимия
- оронимдердің жиынтығы. 
Потамоним
- гидронимнің түрі. Өзендердің атауы. Мысалы, 
Жайық, Елек, Шаған, Барбастау 
т.б. 
Регионим
- аймақтың атауы. Регионимді макротопоним деп те есептеуге болады. 
Мысалы,
Сарыарқа, Ақжайық, Атырау, Батыс Қазақстан, Орталық Қазақстан 
т.б. 
Реликтілік қосымшалар
- топонимдедің құрамында кездесетін, бүгінгі тілімізде дәл сол 
күйінде қолданылмайтын көне тұлғалар. Мысалы, 
Жымпиты, Аңқаты, Бұлдырты, 
Қалдығайты, Өлеңті, Шідерті 
топонимдерінің құрамында кездесетін 
–ты,-ті 
қосымшалары 
реликтілік қосымшалар болып есептеледі. 
Реликтілік құрылымдар
- реликтілік қосымшалардың қатысымен қалыптасқан жер-су 
атаулары. 
Сөзжасам
(ономастикалық)- онимдердің жасалу жолдары мен тәсілдерінің жиынтығы. 


75 
Страграфия
(топонимикалық)- топонимдердің қалыптасуын белгілейтін тарихи қабаттар. 
Тарихи-әлеуметтік фактор
- топонимдердің қалыптасуына қоғамдық-саяси оқиғалардың, 
тарихи-әлеуметтік жағдайлардың себепші болуы.
Термин- индикатор
- топонимдердің құрамында келіп, олардың топонимдердің қай түріне 
жататынын анықтап отыратын географиялық термин. Егер топонимдер 
су, сай, самар, қамыс 
сөздерінің қатысымен жасалса, ондай топонимдер гидронимдер тобына, ал 
тау, шоқы, қыр, 
асу 
сөздерінің көмегімен қалыптасса оронимдер тобына кіреді. Термин-индикаторлардың 
детерминативтер, географиялық терминдер, халықтық терминдер
деген атаулары да бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет