ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы


Баубек, Қарабек, Темірбек



Pdf көрінісі
бет130/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

Баубек, Қарабек, Темірбек
Оңайбек, Далабай, Еділбайсор, Тоқсанбай, Мұратсай, Сембай түбегі, Керейбайсор, 
Масқарбай, Көшербайтөбе, Төре, Дарқожа, Жәңгірхан, Ақмырза, Мырзагерей, 
Сұлтаншеген, Ақшолақ өзек.
Бұл атаулардың көпшілігінің пайда болуы тарихи процестермен 
тығыз байланысты. «Хронологиялық аспект жалқы есімдердің барлық категориялары үшін де 
қажетті нәрсе. Әрбір дәуір өзінің типтік модельдері мен толықтырушы морфемаларын береді» 
(66, 173). Облыс территориясында кездесетін антропотопонимдердің басым көпшілігінің пайда 
болу факторлары бізге белгісіз болса да, олардың кейбірінің қалыптасуының қызғылықты 
тарихы бар. Мысалы, 
Ақшолақ өзегін
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында өмір 
сүрген Жымпиты уезін Соналы болысының аға сұлтаны Ақшолақ бай қаздырыпты. 
Қалдығайты өзенінен осы өзек арқылы өзінің жайлауына су бұрғызып, оған жылқысын суарса 
керек. Ақшолақ ХХ ғасыр басындағы Батыс Қазақстандағы аса дәулетті байлардың бірі болған. 
Романовтар әулетінің таққа отырғанына 300 жыл толған тойына арнап 300 теке жәуміт арғымақ 
апарып, орыс патшасының мейіріміне ие болған. Патшаға жаққан қызметі үшін кезінде суреті 
шай қағазының бетіне басылыпты. Ақшолақ өмірі туралы жазылған жазушы М.Есләмғалиевтің 
деректі әңгімесі бар. 
Орда ауданындағы М
ұратсай 
антропотопонимі көп жылдар ел басқарған азамат, 
халықтың аяулы ұлы Мұрат Насимуллиннің есіміне байланысты қойылған. 1970 жылдарда 
ауылды көгалдандыру шарасы жаппай іске асырыла бастаған болатын. Сол кезде шөлейт 
аймақтағы ауылға су әкелу мақсатында алғыр басшы осы сайды қаздырыпты. Қызыл құмның 
ортасында шағын оазис орнату тек Мұрат тәрізді тұлғаның қолынан келетін - ел естімеген 
жетістік болыпты. Кейін басшының есімімен ауыл 
Мұратсай
атанған. Антропотопонимдердің 
қалыптасуына байланысты шыққан осындай әңгімелер ел ішінде аз емес. Бірақ олардың 
барлығы тарихи шындыққа сәйкес келеді деген ойдан аулақпыз. Қалай десек те, 
антропотопонимдер халықтың тұрмыс-тіршілігі нәтижесінде қалыптасқан атаулар екендігі рас. 
Адам аттары топонимдер сияқты тұрақты емес. Топонимдер ұзақ жасайды, олар 
ұмытылмайды. Адам аттары топонимдерге ауысқан кезде, олардың қолданылу ғұмыры 


73 
ұзарады. «Антропотопонимдердің мәңгілік болуының тағы бір себебі - олар өзінің 
коммуникативтік қабатынан шығып, яғни адам атауынан шығып, қала, село, елді мекен 
атауына ауысуынан» (119, 63).
Антропотопонимдер антропонимика мен топонимика ғылымдары ортақ түрде 
қарастыратын 
ономастикалық 
категориялар 
қатарына 
жатады. 
Міне, 
бұдан 
антропотопонимдердің этнолингвистикалық сипаты анық байқалады, яғни белгісіз, себепсіз, 
халық тұрмыс-тіршілігінен тыс адам есімі топонимге айналуы мүмкін еместігіне көз жеткіздік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет