Теке сөзі түрік
тілінде
мешіт, діни орын деген мағынаны білдіреді. Олай болса, берідегі
Орал, әрідегі
Теке қаласы оғыз дәуірінде пайда болған қазақтардың, жалпы түрік тілдес тайпалардың үлкен діни
орнына айналған орталығы болды деген тұжырым айтуға болады» деген пікір көңіл
аударарлық (113, 17). Ал П. И.Рычков
Теке деп түркімендердің руын алады (114; 115;).
Түркімендер мен қазақтарға ортақ тайпа атауларының бар екендігі М.Н.Галкиннің еңбегінде де
көрсетіледі. Ол «
Алаша атты руды, қазақтарды былай қойғанда, түркімен тайпалары арасынан
да табамыз. Мысалы,
Теке тайпасында
алаша ,
Саррык тайпасында
алача ,
Ерсары тайпасында
алач рулары бар» деген пікір айтады (116, 88). Осы пікірдің дұрыстығын облыс жерінде
Ерсары өзен гидронимінің барлығы да растайды.
Теке руының Шапырашты тайпасында да бар екендігін растайтын тағы бір мәлімет
С.М.Абрамзонның еңбегінде беріледі
:
«Көптеген ру-тайпа атаулары тотемдерді белгілейтін
сөздерден пайда болған. Ондай атаулар дүние жүзі тілдерінің қай-қайсысында да бар.
Қыргыздарда кездесетін тотемдік этнонимдер - бөрі, бұғы, аю, баспақ, жылан, қызылқұрт,
айғыр, шапыраштыларда -
теке рулары кездеседі» (117, 284-289).
Батыс Қазақстан облысы топожүйесінің этнографиялық сипаты патшалық Россияның
отаршылдық саясаты кезінде біраз өзгерістерге ұшырады. Көшпелілер қоғамының ірге тасы -
рулық құрылым екенін түсінген патша өкіметі рулық дәстүрді ұрпақ санасынан өшіру үшін
сол кезге дейін ру аттарымен аталатын болыстардың атын енді топонимдермен ауыстырды.
Бірақ санасы мен тарихи деректерін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын жоғалтпаған халқымыз сол
кезеңдерде жойылып кетуге сәл қалған ру, тайпа, болыстар мен ұлыстар атауларының
қатысымен қалыптасқан этнотопонимдерді бүгінге жеткізіп отыр. «Халықтар мен тайпалар
белгілі бір территорияда алмасып, ауысып жатқанымен, ізсіз жоғалып кетпейді. Әрбір жаңа
тайпа өзінен бұрынғылардан азды-көпті болса да, қажеттілерін сақтап отырады. Ол қажеттілер
топонимдер болуы да мүмкін» (20, 115).