ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы


Космоним - онинің түрі, галактика мен ғарыш денелерінің, жұлдыз шоғырларының атаулары. Космонимия



Pdf көрінісі
бет133/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

Космоним
- онинің түрі, галактика мен ғарыш денелерінің, жұлдыз шоғырларының атаулары.
Космонимия
- космонимнің жиынтығы. 
Лимноним
- гидронимнің түрі, көлдер мен тоғандар атауы. 
Макротопоним
- ірі физикалық-географиялық объектінің атауы. Мысалы, 
Сарыарқа, 
Ақжайық, Нарын, Бетпақ дала, Қызылқұм, 
т.б. 
Микротопоним
- шағын географиялық объектілердің атаулары. 
Микротопономия
- микротопонимдер жиынтығы. 
Некроним
- топонимнің түрі, зираттар мен молалардың атауы. 
Номинаци
я- ат беру процесі. 
Ойконим
- топонимнің түрі, кез келген елді мекеннің (ауыл, село, поселка, қала) атауы. 
Ойконимика
-топонимиканың ойконимдерді зерттейтін саласы. 
Ойконимикон
-ойконимдер жиынтығы. 
Океаноним
-гидронимнің түрі, мұхиттардың атауы. 
Оним
-жалқы есім. 
Онимия
-жалқы есімдердің (онимдердің) жиынтығы. 
Ономастика
- тіл білімінің жалқы есімдерді зерттейтін саласы.Ономастика жеке ілім ретінде 
өзіндік жүйеге ие.Ол өз ішіннен 
поэтикалық ономастика, қолданбалы ономастика, аймақтық 
ономастика, теориялық ономастика 
секілді түрлерге бөлінеді. 
Ономастикалық кеңістік
- белгілі бір есімдердің таралу аймағы немесе есімдердің тобы. 
Ономастикалық кеңістік топонимия,антропонимия, зоонимия, космонимия, теонимия сияқты 
топтардан тұрады. 
Ономастикалық әдіс
- ономастика саласында атаулар сырын танудың жолы. Ономастикалық 
әдіс бірнеше түрден тұрады: 
стратиграфиялық, құрылымдық, арельды, туыстық, 
типологиялық, этимологиялық. 
Әр атаудың қалыптасу жолдары мен ат берілу себептерін 
анықтауда осы әдістердің біреуін немесе бірнешеуін пайдалануға болады. 
Ономастикалық зерттеудің әдістемесі
- ономастика саласындағы зерттеуде қолданылатын 
әдіс-тәсілдердің жиынтығы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет