Топоним
- онимдердің бір түрі, географиялық атаулар.Топонимдердің, көбінесе,
жер-су
атаулары
деп те атаймыз.Топонимдер- Жер бетіндегі табиғи объектілердің және адамдардың
табиғатты игеру процесі нәтижесінде қалыптасқан объектілірдің атаулары. Топонимдер өз
ішінен
ойконимдер, гидронимдер, оронимдер, урбанонимдер, некронимдер
және т.б. түрлерге
бөлінеді.
Топонимика
- ономастиканың топонимдерді зерттейтін саласы. Топонимика жер-су
атауларының қалыптасу себептерін, пайда болу ерекшеліктерін, даму жолдарын және
қолданылу жайын тексереді.
Топонимикон
- топонимдердің тізімі немесе сөздігі.
Топонимизация
– жалпы географиялық терминдердің (детерминативтердің) ешбір
қосымшасызтопонимдерге айналуы.
Топонимист
- топонимдерді зеттеуші.
Топонимдік аймақ
- белгілі бір жер –су атауларының таралу аймағы.
Топонимдік карта
- топонимдердің немесе олардың кейбір элементтерінің орналасу аймағын
сипаттайтын географиялық атлас.
Топонимдік қатар
- құрылымы, топонимдік моделі бірдей жер-су атауларының тобы.
Топонимдік лексема
- топонимдер қалыптастыруға қатысатын сөздер.
Топонимдік терминология
- топонимдерді сипаттайтын ғылыми терминдердің жиынтығы.
Топонимдік уәж
- жер-су атауларының қалыптасуына негіз болған жағдай.
Топонимия
– топонимдердің жиынтығы.
Топоформант
- топонимдер жасауға қатысатын формант.
Трансонимизация
- антропонимдердің (кісі аттарының) ешбір қосымшасыз топонимдерге
айналуы.
Трансонимизация тәсілі
арқылы жасалған топонимдерді топонимика ғылымында
антропотопонимдер
деп атайды. Бұл тәсіл қазақ тілінде, көбінесе, микротопонимдер пайда
болады. Мысалы,
Темірбек, Жәнібек, Нияз, Сабыр, Дәни, Абай,Сырым, Шыңғыс
т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |