68
Гидронимдер мен гидродетерминативтердің облыс территориясында осындай
ерекшеліктер арқылы берілуі аймақтың геофизикалық ерекшеліктері мен сипатына
байланысты. Сондықтан гидронимдер де барлық топонимдер секілді жалпы ерекшеліктерге ие
болып, солар секілді түрлерге бөлінеді. Ендеше гидронимдердің топонимдердің басқа класс
түрлерінен айырмашылықтары бар ма, егер болса, ол қандай айырмашылықтар деген заңды
сұрақтар туындауы мүмкін.
Өзендердің адам өміріндегі алатын орны ерекше. Адамдар ерте кездерден бастап сулы
жерлерді қоныстанған. Сулы жер көшпелі қазақтардың малы мен жанына қолайлы мекен
болды. Өздері қоныс тепкен аймақтағы су объектілері бірте-бірте атауларға ие бола бастады.
Алғашқы атаулар өзен-көлдердің, сайлар мен сорлардың, бұлақтар мен бастаулардың
ерекшеліктерін сипаттап отырды. Даламызда қанша гидрографиялық объекті болса, соның
барлығының өзіне ғана тән атаулары бар. Бір ерекшелігі, ол атаулар ешқашан бірін-бірі
қайталамайды. Сондықтан гидронимдерді топонимнің басқа түрлеріне қарағанда күрделі
топонимиялық категория деп есептеуге негіз болатын ерекшеліктер қатарына төмендегідей
белгілерді анықтадық:
Гидронимдер атауы судың ағысына, көлеміне, түсіне, жылдамдығына, ащы-
тұщылығына, терең-тайыздығына, жайылу ерекшеліктеріне, ондағы өсімдіктер мен жәндіктер
дүниесіне, халықтың тұрмыс-тіршілігіне, басқа да түрлі оқиғаларға байланысты қойылды.
Мысалы, Батыс Қазақстан облысындағы
Достарыңызбен бөлісу: