ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы


Қараоба, Қызылоба, Бозоба, Бесоба, Қособа, Тасоба, Ақоба



Pdf көрінісі
бет29/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

Қараоба, Қызылоба, Бозоба, Бесоба, Қособа, Тасоба, Ақоба
т.б. атаулар бар.


22 
Түмен 

Жаңақала ауданындағы елді мекен. «Түмен» сөзінің моңғолдық төркіні алғаш
 
1898 жылы шыққан В. Катаринскийдің «Грамматика киргизского языка» деген еңбегінен 
бастап анықталған. Ендеше, 
Түмен
топонимінің этимологиясы - «сансыз, көп» мағынасын 
беретін моңғол сөзімен байланысты.
Мұқыр 
- Жаңақала ауданындағы елді мекен және ұзындығы өте қысқа 30-ақ шақырым 
өзен аты. Өзеннің моңғол тілінде 
«мохоо» - қысқа, тұйық, доғал, ұшы жоқ,
ал 
«мухар» - 
қысқа, мұқыл, тұйық
мағыналарында қолданылады. Демек, топоним «
қысқа өзен, тұйық 
өзен
» ұғымын береді
(19; 38; 28). Көрсетілген зерттеулердегі пікір бойынша, 
Мұқыр
топонимі 
Қазақстанда,
сол секілді мұндай атаудың Моңғолияда да жиі кездесуі оның түркі - моңғол 
тілдеріне ортақ сөз екендігіне дәлел болады. Моңғолша сөздікте 
«мухар»
сөзінің екінші 
мағынасын «тұқыл, мұқыр, мұқыл» деп аударған
(55, 114). Осылайша жүргізілген 
салыстырулар бұл сөздің түркі-моңғол тілдеріне ортақ екендігін және осы сөз мағынасының 
географиялық обьектінің сипатына дәл келетіндігін анықтайды. 
Егіндікөл 
- Қаратөбе ауданындағы елді мекен, кеңшар орталығы. Бұл топонимге негіз 
болған 
егін 
сөзі - моңғолдың 
эхен, экендь
сөзінен шыққан, яғни 
бастау, басы
деген мағынаны 
береді (56, 683). Біздіңше, бұл атаудың қазақ тіліндегі 
егін 
сөзіне еш қатысы жоқ. Себебі, 
қазақта егіншілік кәсібі беріректе басталған. Бұл атаудың қалыптасуына негіз болған ауылдың 
іргесінен бастау алған бұлақ болса керек. Осы бұлақтан аққан су жиналып көлге айналған. 
Демек, бұл топоним де көнеден келе жатқан түркі-моңғол тіл бірлестігі заманында пайда 
болған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет