ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет28/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

Нарын, Шаған, Қалдығайты, 
Бұлдырты, Аңқаты, Деркөл, Сайқын, Жымпиты, Қотантал, Шағатай, Түмен. 
Бұл 
топонимдер Е.Қойшыбаевтың, Ә.Әбдірахмановтың, Д.Жүнісовтің, Ә.Нұрмағамбетовтың 
еңбектерінде түрлі көзқарастармен берілген. Осы ғалымдардың пікірлерін жинақтап талдай 
отырып, кейбір атаулардың пайда болуы төңірегінде өз пікірлерімізді де білдіруді жөн көрдік. 
Мысалы, 
Қара -хара
сөзін
 
Ғ.Қоңқашбаев тек түркі-моңғол тілдерінде ғана кездеседі десе
(38,56), Э.М.Мурзаев 
гар-гора 
сөзін үнді-европа тілдерінен басқа тілдерге ауысқан деп санайды 
(52, 23). Бірақ бұлар - талас туғызатын пікірлер, өйткені 
қар-кер-ғыр
формасындағы сөздер 
семит-хамид, картвель, алтай тілдері сияқты тілдік бірлестіктерде де кездеседі. Ендеше
 
қара 
сөзінің түп-төркіні тым тереңде, көне замандарда жатыр. 
Оба
- алтай тілінде: 1. стог, куча; 2. устар, груда жертвенных камней в честь духа горы - 
обо, 
обого
деп берілген
(53, 398). Моңғол тілінде 
овоо-оба
,
бурят-моңғол тілінде 
обоо
- «
куча», 
«груда», «насыпь», «курган» мағынасын береді
(54, 91). Ә.Әбдірахмановтың зерттеуінде көне 
моңғол тілдеріндегі 
оба-обоо
сөзі моңғол тілінде
овойх-үйілу, овоолох-үю, овоолсон-үйген, 
Үйілген
мағынасын береді
(19, 207). Қазақ тіліндегі 
үй, үю
т.б. сөздерімен обо, овоо, ово т.б. 
гомогенді түбірден тараған десек, оның негізі түркі-моңғол туыстығына қарай бастайды. Оны 
қазақ тіліндегі 
оба
сөзі қосылған топонимдердің бәрі де шағын төбешік, бір нәрсенің үйіндісін 
елестететін мағынасы да көрсетеді. Батыс Қазақстан облысында да 
оба 
тіркесінен жасалған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет