Базаршолан, Базартөбе, Райым,
т.б.
Райым
-
Жәнібек ауданындағы елді мекен. Араб тілінде «кейіп, көңілдің қошы,
тартымды» мағынасындағы
рай
сөзі мен -
ым
жұрнағы арқылы қалыптасқан атау
(28, 201)
болуы мүмкін деп қараймыз.
Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігінде «Базар»
- парсы сөзі
баз
- «қақпа» және
-
ар,
«соңында, арғы жағында, артында» деген дербес сөзден құрылған. Бұрын
базар
қалаға
кірер жерде, қақпаның алдында болған.
Демек, парсыша
базар
- «қақпа алдындағы іс»
мағынасын беретін кірме сөз екен» деп берілген (47, 51-54). Бұл сөз барлық түркі тілдерінде
және тіпті неміс, француз, ағылшын, испан, итальян, чех, болгар, поляк, румын т.б. Еуропа
тілдерінде де кездеседі. Бұл сөздің кең таралуын ғалымдар «Мың бір түн» ертегісімен
байланыстырады. Түркітанудағы
базар
сөзі түркі тілдеріндегі «бай, мол» сөзіне -
сар
қосымшасының бірігуі негізінде
бай+сар - басар
<
базар
болып қалыптасқан деген де пікір
назар аударарлық
(48, 256). Мысалы,
Сар
- көптікті, молдықты білдіретін жұрнақ, татар тілінде
қомсар
- «құмдақ жер», чуваш тілінде
лапсар- «
ойпат жер»,
киіксер
- «киік мекендеген жер»,
Чебоксары -
«шабақ балық мол жер» ұғымын беріп тұр.
Базаршолан, Базартөбе
топонимдерінің мағыналары «қақпа алдындағы төбе немесе
шолан» ұғымына сәйкес келеді. Бұл топонимнің құрамындағы
шолан
сөзі Батыс Қазақстан
территориясында қазір де «сарай» мағынасындағы диалектілік ерекшелік ретінде сақталған.
Демек,
Достарыңызбен бөлісу: |