19
1.2.2. Оғыз - қыпшақ қабаты.
Қазақ тілінің лексикасының құрамы қазіргі қыпшақ тобындағы тілдердің лексикасымен
толық немесе жартылай ортақтығымен ерекшеленеді. Сондықтан қазақ тілінің лексикалық
құрылымының дамуын өз алдына жеке бөліп қарастыру мүмкғн емес. Себебі жалпы
қыпшақтық тілдік модельдердің сипаты тілдің барлық деңгейлерінде де көрініс табады.
Осындай қыпшақ тілдеріндегі лексикалық тұлғалардың байырғылығын және біркелкілігін жан-
жақты көрсететін бірден-бір сала - жер-су атаулары.
Қарасу
-
Жалпақтал ауданындағы өзен мен елді мекен. Бұл атау Батыс Қазақстанның
басқа да жерлерінде кездеседі. Бұл атаудың құрамындағы
қара
сөзі судың түсіне байланысты
берілмеген. Түркітанушы-топонимистер бұл атау төңірегінде бір ортақ түйінге келіп отыр.
Қарасу-
Үлкен өзен емес, жер астынан, сай-жыралардан шығып жатқан қайнар су.
«Қара
»
сөзін байырғы түркі тілдес халықтар «
жер
» мәнінде түсінген. Демек,
Қарасу
атауы
«жер суы -
грунтовая вода»
деген ұғымды береді
(28,157).
Ақсай-
шағын өзен және
аудан орталығы.
Ақсай
және
Ақсу
топонимдері бір негізден
шыққан деп ойлаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: