ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет20/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

шалп~шалпы~шалқы 
- «ернеуінен асып төгілу» ұғымы негізінде пайда болған, судың түрлі 
қимыл-қозғалысы мен қасиетіне байланысты туған көне атау қатарына қосуға болады. 
Шалғар көлінің жағалауын Х ғасырларда печенегтер мекендеген. Бұл туралы мәлімет 
921-922 жылдары осы дала арқылы бұлғарлар жеріне сапар шеккен араб саяхатшысы Ахмед 
ибн-Фадланның еңбегінде беріледі. «. Потом мы прибыли к печенагам. Они стояли у воды, 
напоминающей настоящее море. Печенеги - темные брюнеты с бритыми бородами, в 
противоположность гуззам ( оғыз тайпасын айтып тұр – Ұ.Е.), очень бедны» (30, 27). Осы 
үзіндідегі үлкен су - Шалғар көлі. Көл сол кезеңнің өзінде
Шалқар
(Чалғар) деп аталғаны 
туралы да мәлімет бар. Белгілі өлкетанушы Жайсаң Ақбайдың Жымпиты уезінің тарихына 
арналған еңбегғіде Шалқар атауын куман тіліндегі 
«чал-тас»
және 
«ғар-ғала»
сөздерінің 
тіркесінен қалыптасқан деп беріледі.
Бірақ бұл жорамалмен толық келісуге болмайды. Көл 
орналасқан аймақта тасты рельефтің де, көне қаланың да ізі жоқ. Сондықтан атау «судың 
шалпылы» немесе «ернеуінен аса шалқу» ұғымдары негізінде қалыптасқан деп есептейміз. 
Отар 

Қаратөбе ауданындағы елді мекен

Бұл сөздің этимологиясын В.В.Радлов 
от+ар
деп көрсетіп, қазақ, ноғай, қырым татарларының тілінде кездесетінін айтқан. Қырым 
татарларының тілінде бұл сөз «
жайылым»,
қазақ тілінде 
«ауылдан алыс жердегі жайылым»,
ноғай тілінде «
әртүрлі
жайылымға айдайтын қой табыны» 
ұғымын береді
.
Қырым татарлары 
мен ноғай тілінде бұл сөздің «орыстың кіші деревнясы» деген мағынасы да бар. Алайда, бұл 
түсініктің жер атауына қатысы жоқ. В.В.Радлов көптеген түркі тілдерінде 
от
сөзінің бір 
мағынасы «шөп, өсімдік» екенін айтады
(40, 1100, Ғ т.). «Шөп, өсімдік» мағынасындағы бұл 
сөз қазақ, қырғыз, түрік, азербайжан, алтай, ұйғыр тілдерінде
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет