Джаха
өзенін
Шаған
өзені
деп ұққан дұрыс. Оны А. Фадлан еңбегіне түсініктеме берген акад. И.Ю.Крачковскийдің дерегі
арқылы да пысықтай түсуге болады (30,27).
1245-1247 жылдар арасында француз монахы Платоно Карпини Рим папасының
тапсырмасымен Моңғолияға сапар шегеді. Осы сапарының нәтижесінде ол өзінің «История
монголов» деген еңбегін жазады. Осы еңбекте «Ехали мы через всю страну куманов,
представляющую собой сплошную равнину и имеющую четыре большие реки: первую Нипер
(Днепр), вторую Дон, Третью Волгу, эта река очень велика, четвертая называется Яик» деп
көрсетеді (31, 83).
Сонымен, Жайықтың көне атаулары
Джаха - Яик - Джайк
бүгінгі таңда
Жайық
болып
қалыптасқан. О.М.Ковалевскийдғң «Монголо-русско-французский словарь» деген еңбегіне көз
жіберсек, «
Яй немесе Джай» - орын (место
) болмаса
кеңістік (пространство)
деп, ал
ийк -
«ерекше ескі қорған» (особенное достопамятность)
деп беріледі
(32, 3). Ал Ә.Әбдірахманов
Жайық
топонимінің көне формасы
жазық
болу керек,
жазық, жайық
деген сөздер
мағыналық жағынан да синонимдес.
Жазық
деген сөз кеңістіктің құрылым түріне байланысты
қолданылады да,
жайық
су жайылған кеңістікке байланысты қолданылады
деп көрсетеді
(19,156). Әрине,
жазық // жайық
сөздерінің гомогендігі талас тудырмайды. Сондықтан
жайық
сөзінің негізін
жай, жаю, жайылу
етістігі деп қарауға болады. Тарихи тұрғыдан
-ағ, -
ығ, -ғ, -к, -ұғ, -Үк, -ик, -ік
т.б. жұрнақтарының түркі тілдерінде өте өнімді қолданыс
табатындығын Э.В.Севортян атап көрсеткен болатын (33, 342).
Көпшілік қауымға су жайылып, өзен аты
Жайық
болудан гөрі, «жайлылыққа»
байланысты шыққан деген тұжырым таныс. Себебі, бұл тек О.М.Ковалевский сөздігінде ғана
емес, А.Пушкиннің «Пугачев тарихынан» деген еңбегінде, Э.И.Герасимовтың «Уральск» т.б.
еңбектерінде де берілген. Осыған жағын пікір Е.Қойшыбаевтың да сөздігінде берілген (28,102).
Біздің ойымызша, өзен атауы жайлылыққа байланысты емес, суының жайылып ағуына
17
байланысты шыққан. Міне, осы атау 1775 жылға дейін сақталып келді де, ІІ Екатерина
патшаның жарлығы бойынша, Пугачев көтерілісін халық ойынан мүлдем аластату мақсатымен
барлық істі естен шығаруға әмір етіп, бостандық үшін шаруалар көтерілісінің бесігі болған
Достарыңызбен бөлісу: |